Жарияланған күні: 27.08.2018 09:59
Өзгертілген күні: 27.08.2018 10:02

        СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті  2017 жылғы мүлік салығы және жер салығын  төлеу қажеттігі туралы  ескертеді,   төлеу мерзімі   2018 жылғы 1 қазанға дейін.

       Салық төлеуші салық міндеттемесін уақтылы және толық көлемде орындауға міндетті   екені Салық заңнамасында қарастырылған.

  Қазақстан Республикасының аумағындағы  жеке тұлғалардың меншік құқығындағы тұрғын үйлер, үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар   мүлік салығының салу объектісі  болып табылады.

 "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша айқындайтын салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары, гараждар бойынша салықтық база болып табылады.

        Салық салу объектілерінің құнына қарай  мүлік салығы бойынша   0,05 % - тен 2 % - ке дейін прогрессивтік  ставкасы қарастырылған  .

        Бюджетке мүлік салығын төлеу, салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша  жүргізіледі.

        Салық кодексінің  526-бабына сәйкес   меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiсінiң жалпы құнынан айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде ( 2017 ж. - 2269тенге * 1000 = 2 269 000 теңге) мынадай жеке тұлғалар  мүлік салығын төлеуден  босатылады:

      

 - Кеңес Одағының Батырлары;

-  Социалистік Еңбек Ерлері;

 - «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Epi» атағына лайық тұлғалар "

 - Даңқ орденінің үш дәрежесімен және "Отан"орденімен марапатталған;

-  көп балалы ана, «Мать-героиня» атағына ие болған,   «Алтын алқа» белгілерімен   марапатталған;

 - жеке тұратын зейнеткерлер.

      

Мысалы:

  Жеке тұлғаның меншік құқығындағы пәтер салық салу объектісі болып табылады, салық базасы   2 925 640 теңге құрайды.

  Жеке тұлға жеке тұратын зейнеткер.

  Пәтердің меншік иесі жеке тұратын зейнеткер болығандықтан,  жеңілдік қарастырылған. 2 269 000 теңге  сомасының шегінде мүлік салығы есептелмейді, ал  656 640 теңге ( 2 925 640 – 2 269 000) айырмашылығына мүлік салығы есептелінеді,  ол 328 теңге құрайды.

     Сондай-ақ,  меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiсінiң жалпы құнынан айлық есептік көрсеткiштің 1500 еселенген мөлшері шегiнде ( 2017год – АЕК 2269*1500= 3 403 500 теңге)   жеңілдік қарастырылған

 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және   оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер.

  Осылайша,  көрсетілген жеке тұлғалар 3 403 500 теңге сомасының шегінде мүлік салығын төлемейді.  

          

      Мысалы:

     Ұлы Отан соғысына қатысушының меншік құқығында пәтер салық салу объектісі болып табылады - салық базасы   4 725 240 теңге құрайды.

      пәтердің меншік иесі  Ұлы Отан соғысына қатысушы  болып табылғандықтан,   3 403 500 теңге сомасының шегінде мүлік салығы төленбейді, ал  1 321 740 тенге ( 4 725 240 – 3 403 500) айырмашылығына салық кодексінің 408 бабына сәйкес мүлік салығы есептелінеді, ол   661 тенге құрайды.

     Бұдан басқа,  жеке тұлғалардың мүлік салық төлеушілері   болып табыламайды:

- жетім балалар және 18 жасқа толғанға дейінгі кезеңге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

 Қосымша хабарлаймыз,  мүлікке және жер салығына есептелген соммасы туралы ақпаратты жәнеде салықты төлеу үшін түбіртекті басып шығару  www.nalog.integro.kz  сайтында жүзеге асырылған (ТАЖ немесе ЖСН бойынша), сондай-ақ «Мәліметті басып шығару терминалы» бойынша.

      Мына мекенжайлар бойынша Терминал қызметтерін пайдалануға болады:

Семейный СҮ, мекен-жайлары: Муканов к-сі, 53; Мир к-сі, 252; Сити Мол СҮ, Уалиханов к-сі, 56; Рахат СҮ-   Казахстан Конституциясы к-сі,55; Евразия СҮ- Интернационал к-сі, 63; Петропав қаласы бойынша МКБ РММ ( ҚКО ғимаратында)- К.Сүтішев к-сі, 56А;

Қызылжар ауданы тұрғындарына – Мемлекеттік кірістер басқармасының   ҚКО ғимаратында, Гагарин к-сі, 8 мекен-жайы.

       Жеке тұлғаның ЖСН-ны шарт белгіленген жеке куәлігіңдегі  штрих-коды арқылы

мәліметті басып шығару қызметі лезде  беріледі.

Төлемдер барлық екінші дәрежелі банктерде немесе "Қазпошта" ААҚ  туындалады.

 

 

 

         

                                                                       СҚО бойынша МКБ