Жарияланған күні: 22.04.2015 16:46
Өзгертілген күні: 22.04.2015 16:51

 

Солтүстік  Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қазақстан Республикасы  Қаржы министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу  туралы» 2015 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына  сәйкес бюджеттік жіктеу кодтары жөнінде «Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік жіктеу кодының кейбір мәселелері»  2014 жылғы  18 қыркүйектегі №403 Қазақстан Республикасы  Қаржы министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін, сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының назарына жеткізеді.

  Осы өзгерістерге байланысты 2015 жылғы 1 ақпаннан бастап келесі бюджеттік жіктеу кодтарының атауы өзгертіледі (бұдан әрі-БЖК):

  БЖК 106101 Евразиялық экономикалық одақ  туралы  шартқа  сәйкес төленген, әкелінетін кедендік баждары (баламалы қолданылатын өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды);    

 БЖК 106202 – Евразиялық экономикалық одақ  туралы  шартқа  сәйкес    арнайы қорғалатын, демпингке қарсы және өтемақы баждары

          БЖК 106205 Беларус Республикасынан түсетін арнайы қорғалатын, демпингке қарсы және өтемақы баждары;   

 БЖК 106206 –  Ресей Федерациясынан түсетін арнайы қорғалатын, демпингке қарсы және өтемақы баждары   

Бұдан басқа, келесі БЖК толықтыру туралы хабарлаймы:

 БЖК 106113 – Армения Республикасымен бөлінген, кедендік баждар;

КБК 106116 Армения Республикасынан түсетін, салықтардың, кедендік баждардың төлемін  қамтамасыз етудің  өндіріп алынған сомалар;

 БЖК 106209 – Армения Республикасынан түсетін арнайы   демпингке қарсы  ионды  өтемақы баждары;   

 БЖК 106210 –оның аударылу тоқтатылған, бөлінген  арнайы   демпингке қарсы және өтемақы баждар сомалары     

Барлық туындаған мәселелер бойынша Петропавл қ. К.Сүтішев к.56 мекен-жайы бойынша Солтүстік  Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті,   есеп және дербес шоттар жүргізу бөліміне  №409 каб

т.8 (7152) 46-41-59     жүгіну қажет.