Жарияланған күні: 28.07.2016 17:42
Өзгертілген күні: 28.07.2016 17:44

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің (бұдан әрі- ҚР ҚМ) 2016 жылғы 21 маусымдағы № 325 бұйрығымен «Мүлікті жария ету туралы декларацияның нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы № 593 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына  өзгерістер   енгізілді. 

Осы бұйрық 2016 жылғы 8 шілдеде №13895 Нормативтік құқықтық актілердің  мемлекеттік тіркеу тізілімінде  тіркелді,  бірінші  ресми жарияланған күннен  кейін   күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Жоғарыда көрсетілген түзетулер,  валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдаланумен ұлттық валютада оның жария етілетін сомасын есептеу тәртібін өзгертуді көздейді.   

«Мүлікті жария ету туралы декларацияны толтыру ережесі» бұрынғы редакцияда  «жария етілетін ақша сомасы» жолында екінші деңгейлік банкта немесе почтаның ұлттық операторында  тиісті ағымдағы шоттың ашылу күніне тиісті шетел валютасын ауыстыру нарықтық бағам бойынша ұлттық валютада ақша сомасы көрсетілген. 

Олай болса,  жария ету мақсаты үшін екінші деңгейдегі банкта немесе почтаның ұлттық операторында ашылған, банктік шотқа оны есепке алған (аудару) күнге тиісті шетел валютасының ауыстыру  нарықтық бағамы бойынша  ұлттық валютаға ақшаны жария ету сомасы  қайта саналады.

Сондай-ақ соңғының шартында белгіленген екінші деңгейдегі банк арқылы (бұдан әрі- банк) хабарламамен тапсырыс хатпен почта бойынша мемлекеттік кірістер органына мүлікті жария ету туралы (бұдан әрі- декларация) декларацияны ұсыну, жария ету субъектісінің тілегі бойынша мүмкіндік туды. 

Яғни, жария ету субъектілеріне ыңғайлы болу үшін «бір терезе» қағидаты іске асырылды, сол арқылы мемлекеттік кірістер органдарына бармай, мүлікті жария ету алымының төлеуге тиесілі сомасын банк арқылы төлеген кезде, азаматтарда тиісті декларацияны және оған ілеспе құжаттардың жөнелтуін жүзеге асыруға мүмкіндік болады.

Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы №213-V Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 1-бабына сәйкес, жария ету субъектісі Заңда белгіленген декларацияны тапсыру тәртібін, шарттарын және мерзімдерін, сондай-ақ жария етілетін мүлікке қойылатын талаптарды сақтамаған жағдайда мемлекеттік кіріс органы себебін көрсете отырып, декларацияны қабылдаудан жазбаша бас тартуды декларацияны тапсырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде береді.

Заңның жоғарыда көрсетілген нормаларын және жария ету субъектілермен кері байланыс мүмкіндігін іске асыру мақсатында, банктер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 72 қаулысымен бекітілген Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларының 20-тармағына сәйкес жария ету субъектілерінен тұрғылықты жерінің толық мекенжайын міндетті түрде талап етуі қажет. Бұдан басқа, почта жөнелтілімдерін алғаны туралы хабарламадағы «хабарлама алушының мекенжайы» деген бағанда жария ету субъектісінің нақты мекенжайын көрсету қажет. Ол почта байланысындағы ұйымның декларацияны алғаны туралы хабарламаны жөнелтуші-банкке емес, жария ету субъектісіне жолдау үшін керек.