Жарияланған күні: 20.12.2018 09:52
Өзгертілген күні: 20.12.2018 09:56

«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, егер салық төлеуші кредиторлар талаптарын толық көлемде қанағаттандыруға қабілетті болмаса, борышкер төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігі болмаған жағдайда сотқа өтініш жасауы үшін негіздер көзделген.

Сонымен қатар, кредиторлар алдында еңбекақы төлеу бойынша, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелер, өзге кредиторлар алдында міндеттемелер болған жағдайда кредиторлардың талаптарын толық көлемде борышкердің қанағаттандыруға қабілетсіздігі кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін рәсімдер көзделген, сондай-ақ оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды, бірнеше рәсімдерді жан-жақты қарастырамыз.

Атап айтқанда, борышкер банкрот деп танылғанға және оңалту рәсімін қолданғанға дейін төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі, сондай-ақ банкроттық рәсімінен оңалтуға немесе банкрот деп тану туралы сот шешімін орындауды тоқтатумен әдеттегі қызметке көшу көзделген.

«Төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі» онда борышкердің және (немесе) кредиторлардың оңалту рәсімін қолдану және (немесе) борышкерді банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінгеніне дейін өзінің төлем қабілетсіздігін реттеу туралы шешім қабылдауға құқылы екендігі көзделген.

Борышкер төлем қабілетсіздігін дәлелдейтін құжаттарды қоса бере отырып, төлем қабілетсіздігін реттеу туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.

Сот борышкердің төлем қабілетсіздігін реттеу туралы өтінішін қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мына шешімдердің бірін шығарады:

      1) төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы;

      2) төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолданудан бас тарту туралы.

Төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы сот шешімі дереу орындауға жатады.

Борышкерге қатысты төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап мынадай салдарлар туындайды:

      1) борышкердің барлық берешек түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлдарды, айыппұлдарды) есептеу тоқтатылады;

      2) кредиторға (кредиторларға) төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім жасасу кезеңінде борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа өтініш беруге тыйым салынады;

      3) борышкерге мүлікті (активтерді) иеліктен шығару бойынша қандай да бір мәмілелер жасасуға тыйым салынады.

Төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде борышкер барлық кредиторлармен төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім жасасуға міндетті.

Төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім үш жылдан аспайтын мерзімге жасалады.

 

 

Оңалту немесе банкроттық рәсiмiн қолдану

Кредитордың борышкердi банкрот деп тану немесе оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгiнуi үшін борышкердiң төлем қабiлетсiздiгi негiз болып табылады.

      Борышкер мына шарттардың бірі және одан көбі басталған кезде төлемге қабілетсіз болып табылады:

1) өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиянды өтеу, алименттердi өндiрiп алу, еңбекақы төлеу, еңбек шарттары бойынша өтемақылар төлеу жөніндегі кредиторлар алдындағы мiндеттемелерi, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар, мiндеттi зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар жөнiндегi міндеттемелері оларды орындау мерзiмi басталған күннен бастап үш ай iшiнде орындалмаған және бір жүз еселенген айлық есептiк көрсеткiштен кем емес соманы құрайды;

2) салық берешегі бойынша борышкердің филиалдары мен өкілдіктерінің берешегін қоса алғанда, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитор алдындағы міндеттемелері оларды орындау мерзімі басталған кезден бастап төрт ай ішінде орындалмаған және бір жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем емес соманы құрайды;

3) өзге кредиторлар алдындағы міндеттемелері оларды орындау мерзімі басталған кезден бастап үш ай ішінде орындалмаған және жиынтығында дара кәсіпкерлер үшін – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген үш жүз айлық есептік көрсеткіштен кем емес соманы, заңды тұлғалар үшін –бір мың айлық есептік көрсеткіштен кем емес соманы құрайды.

Сонымен қатар, банкроттық рәсімінің кез келген сатысында бітімгершілік келісім жасалуы, кәсіпорынды жаңа меншік иесіне сату мүмкіндігі бар.

«Бітімгершілік келісім – банкроттық рәсімнің кез келген сатысында оны тоқтату мақсатында, борышкер (банкрот) мен кредиторлар арасында сот бекітетін келісім жасасу жолымен қолданылатын рәсім».

Кредиторлар тарапынан бітімгершілік келісімді жасасу туралы шешім кредиторлар жиналысында қабылданады. Бітімгершілік келісімді сот бекітеді.

Бітімгершілік келісім жасасу кезінде мемлекеттік орган кредиторлардың бірі болып әрекет еткен жағдайда, бітімгершілік келісім мұндай мемлекеттік орган алдында берешекті өтеуді бөліп төлеу шарттарымен бітімгершілік келісім бекітілген күннен бастап үш жылдан аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.

Бітімгершілік келісімді бірінші кезектегі кредиторлардың талаптары бойынша берешек өтелгеннен кейін ғана соттың бекітуі мүмкін. Бітімгершілік келісімді бекіту банкроттық рәсімін тоқтату үшін негіз болып табылады.

 

 

 

Банкроттық рәсімінен оңалту рәсіміне өту

Борышкерге қатысты оңалту рәсiмi қолданылмаған, ал банкроттық рәсімі барысында мүліктің меншік иесі немесе құрылтайшы (қатысушы) оңалту жоспарын әзірлеген жағдайда мүліктің меншік иесі немесе құрылтайшы (қатысушы) немесе ол уәкілеттік берген адам банкроттықты басқарушыға әзірлеген оңалту жоспарын және банкроттық рәсімінен оңалту рәсіміне өту мүмкіндігін қарау үшін кредиторлар жиналысын өткізу туралы өтiнiшхатпен жүгінуге құқылы.

Кредиторлар жиналысы ұсынылған оңалту жоспарымен және банкроттық рәсімінен оңалту рәсіміне өтумен келіскен жағдайда жиналыс сонымен бір мезгілде мүліктің меншік иесінің немесе борышкердің мүлкi мен iстерiн басқару жөніндегі құрылтайшының (қатысушының) құқығын қалпына келтіру мәселесін шешуге не уәкілетті органда тіркелген адамдар арасынан оңалтуды басқарушының кандидатурасын таңдауға міндетті.

Банкроттықты басқарушы оңалту жоспарын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган белгілеген нысанда оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы қорытынды жасауға және борышкер мүлкінің меншік иесіне немесе құрылтайшыларға (қатысушыларға) жіберуге міндетті.

Істі қарау нәтижелері бойынша сот банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту не бас тарту туралы шешім шығарады.