Жарияланған күні: 13.11.2018 12:44
Өзгертілген күні: 13.11.2018 12:46

        Жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында мемлекет басшысы    Н.А. Назарбаев салық салу, салық заңнамасын жетілдіру қажеттілігі, салықтық әкімшілендіруді жақсарту мәселелерін көтереді.

        Қазіргі уақытта шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу тәртібі жеңілдетілді.

        "Электрондық үкімет" портал арқылы заңды тұлғалар және ЖК бір күнде тіркеуге алынады, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым жойылған, тарату рәсімдері оңайлатылған, бақылаушы және инспекторлық мемлекеттік органдардың саны қысқартылды және шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бухгалтерлік есептің оңайлатылған жүйесі енгізілді.

        Осымен бірге, бизнесті жүргізуді оңайлату бойынша салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге қарамастан, кәсіпкерлік қызметті тиісті тіркеусіз жүзеге асыру орын алған.

        Мәселен, ағымды  жылда      Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті аумақтық мемлекеттік кірістер органдарымен облыстың мамандандырылған соттарының қарауына жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы 10 салық төлеушіні жауапкершілікке тарту туралы әкімшілік істерді жіберген.

        2018 жылдан бастап Департамент және аумақтық мемлекеттік кірістер органдары ПП "Атамекен" және "ҚБ"Нұр Отан" Партиясы филиалдарымен бірлесіп іс-шаралар өткізуді жоспарланған, оның ішінде тіркелмеген кәсіпкерлік субъектілерін өнеркәсіптік аймақтарда, гараж кооперативтеріде, базарларда және  т. б. көзбен көріп анықтау.

        Облыс бойынша, 2018 жылдан бастап 650 көзбен шолып бақылау   өткізілді,  нәтижелері бойынша олардың салық органдарында тіркеусіз қызметін жүзеге асыратын тұлғалардың арасынан - 585 жеке тұлғалар есепке алынды.

 

   

                                                                                                          СҚО бойынша МКД