Жарияланған күні: 28.11.2016 17:37
Өзгертілген күні: 28.11.2016 17:39

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен  2016 жылғы 24 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  органы жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеір бойынша брифинг өткізілді. 

Брифингке қатысқандар: департамент басшысы-Д.Е.Жанәлінов, Ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы –Д.Ж.Қадыров, Адам ресурстары басқармасының басшысы- Б.Е.Шәйкенов.  

       Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тиімді жұмыс Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органының приоритетті міндеті болып табылады. Осы мәселені шешуде біздің еліміздің  болашағы, амандығы және қауіпсіздігі тікелей байланысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  мәселелері бойынша департаменттің  негізгі   міндеттері – мемлекеттік кірістер органы  қызметкерлері  және жұмысшыларымен  сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын, тәртіптік қылмыстар, қылмыстық   және әкімшілік құқық бұзушылықтар фактілердің алдын-алу, жолын кесу және анықтау, мемлекеттік кірістер органы қатарын тазалауды қамтамасыз ету  болып табылады.

2015 жылы СҚО бойынша МКД лауазымды тұлғаларына қатысты 12 сыбайлас жемқорлық қылмыстық іс,   оның ішінде 5-і департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасымен қозғалды.

 12 қозғалған қылмыстық істегі  3 қылмыстық іс бойынша сот  айып салынған үкімі шығарылды, қалған қылмыстық істер қылмыстық құрамның жоқтығынан тоқтатылды.

Ағымдағы жылда  2016 жылдың 10 айына  СҚО бойынша лауазымды тұлғаларына қатысты 6 сыбайлас жемқорлық қылмыстық іс қозғалды. 6 қозғалған қылмыстық істегі  5-і  қылмыстық құрамның жоқтығынан тоқтатылды, департаменттің бұрынғы қызметкеріне қатысты 1 қылмыстық іс сотта қаралуда.  

Сыбайлас жемқорлықпен күресте уақытылы алдын-ала және профилактикалық шаралар қолдануға  көп көңіл бөлінеді. Егер  бұрынырақ ең бастысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл оның салдарына бағытталса және айыпты тұлғаларды жазалау болса, онда қазіргі таңда профилактикалық жұмысқа акцент  қойылған.

    2016 жылы    Ішкі қауіпсіздік басқармасы 19 қызметтік  тергеу жүргізді, оның нәтижелері бойынша департаменттің 13 лауазымды тұлғасы- тәртіптік жауапкершіліктің әр түріне тартылған.

 «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының 50 б. сәйкес мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін, қылмыстары үшін «толымсыз қызметтік сәйкестік туралы ескерту» түрінде 5 тәртіптік жаза салынды. 

Ішкі қауіпсіздік басқармасы   Адам ресурстары басқармасымен бірлесіп департаментке қызметке тұруға тілек білдірген, барлық үміткерлер  жөнінде бұрынғы жұмыс орындары бойынша сыбайлас жемқорлық және де басқа да құқық бұзушылықтар  жасағандығы, діни- экстремистік пен террористік ұйымдарға  үйірсек тұлғаларды анықтау үшін алдын-ала тексеріс іс-шаралары жүргізіледі. 

 Департаменттің құқық қорғау блогына қызметке тұратын, үміткерлер  ІҚБ мүмкіндігімен  полиграфологиялық зерттеуден  міндетті түрде  өтеді.

 Сыбайлас жемқорлықпен күресте аса маңызды міндеттердің бірі болып салық төлеушілердің  және сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының  пара берген  фактілерін анықтау және жолын кесу болып табылады. ІҚБ осы бағытта департаменттің қызметкерлерімен профилактикалық жұмыс  жүргізіледі.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында, облыс қоғамдығы  және бизнес  құрылымдарымен  ынтымақтас боламыз  деп үміттенеміз.

  Және де  Ішкі қауіпсіздік басқармасының   8-715-2-46-02-31, 8-707-7-46-02-31

 ( WhatsApp мобильді қосымшасы)  сенім телефоны мәлімет  үшін жеткізілді.