Жарияланған күні: 07.12.2018 16:45
Өзгертілген күні: 07.12.2018 16:47

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде тұрақты негізде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күреске бағытталған шаралар кешені жүргізіледі. Олар Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына қойған негізгі міндеттерін орындауға және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылға негізделеді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдердің алдын алу мен профилактикасына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа мәдениетті тәрбиелеуге, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы біліміне, жоғары моральдық-этикалық нормалар мен  сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік төзімділік» бағытталған шаралар облыстың мемлекеттік кірістер органдары қызметінің басымдысы болып танылады.

Көптеген жағдайларда сыбайлас жемқорлық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрінетінін атап кеткен жөн.

Қазіргі уақытта Департамент электрондық салық және кеден қызметтерінің санын арттыру жолымен мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің салық төлеушілермен байланысын азайтуға ұмтылады. 2018 жылдың 11 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 605 837 құрады, оның ішінде электронды түрде 569 442 немесе 94,0% көрсетілген.

Бүгінгі күні 44 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі, 30-ы электрондық нысанда көрсетіледі. Оның ішінде 28-і салықтық сипатта, оның 22-сі электрондық нысанда және 16 – кедендік бағытта оның 8-і электрондық нысанда.

Мемлекеттік кірістер органдарымен тұрақты негізде бизнес субъектілері мен халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері әзірленді және бекітілді. Жылдан жылға электронды түрде ұсынылатын қызметтер спектрі кеңейтіледі. Қазіргі уақытта «электрондық үкімет» порталы немесе ведомстволық портал арқылы алуға болатын 25 мемлекеттік қызмет түрі автоматтандырылды.

         Салық төлеуші мен мемлекеттік кіріс органдары арасында электрондық ақпарат алмасу жүйесі үнемі жетілдірілуде, қызмет көрсетудің жаңа функциялары қосылуда, облыстың мемлекеттік кірістер органдарының барлық құрылымдық бөлімшелерінде кез келген салық төлеуші «Салық төлеуші кабинетінің» қызметін пайдалана алатын Терминалдар бар, сондай - ақ электрондық алмасу бағдарламалары: СЕӨЖ, СЕЭН, ЖКАЖ, ҚҚС-Терминалдағы барлық қызметтер тегін негізде жүргізіледі.

Тұрғындар арасында салық есептілігін электронды түрде ұсыну мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі, салық төлеушілерге қызмет көрсету бойынша ақпаратты қазіргі заманғы Қабылдау және өңдеу орталықтарын дамыту бойынша шаралар қабылдануда.

Жалпы, ашықтық қағидаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда негізгі фактор болып табылады, сондықтан оны енгізу жөніндегі жұмыс тұрақты, жүйелі негізде, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен қол жетімділігіне мониторинг жүргізу жолымен жүргізіледі.

         Бүгінгі күні Департамент аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларында дыбыс жазбасы бар web-камераларды құжаттарды қабылдау және өңдеу орталықтарында орнатты.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бейне және аудиожазба жүргізу орталықтардың қызметіне мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді, яғни  нақты уақыт режимінде Орталықтың кезектер мен келушілердің жиналуы тұрғысында қандай жағдайда екендігін көруге, қызметкерлердің кәсіби әдеп дәрежесін бақылауға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерінің деңгейін төмендетуге болады.

Бейне- және аудио жазбаларды жүргізу туралы ескерту сондай-ақ салық төлеушілердің өздерін тәртіпке келтіреді, жалған және дұрыс емес ақпарат беруге мүмкіндік бермейді, бұл олардың тарапынан орталық қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне шағым санының төмендеуіне әкеледі.

   Азаматтардың сенімін нығайту, қызметтің ашықтығын арттыру, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактілері және Этикалық кодекс нормаларын бұзу фактілері, құқық бұзушылық немесе қылмыс жасау фактілері бойынша уақытылы жүгіну мүмкіндігі мақсатында және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ақпаратқа жедел ден қою үшін Департаменттің әрбір бөлімшесінде сенім телефондары орнатылған, олар БАҚ-та және Департаменттің сайтында жарияланады.

Азаматтардың шағымдары мен ұсыныстарына арналған жәшіктер орнатылған, олар арнайы құрылған комиссиямен белгіленген мерзімде хаттамамен алынады. Департаменттің барлық ғимараты мен аумақтық басқармаларында қызметкерлерді бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебақылау камералары орнатылған.

Департамент және аудандық басқарма басшылығы ай сайын азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады, қабылдау кестесі газеттерде жарияланады.

Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыруға, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, қызметтік міндеттерін орындау кезінде немқұрайлылық пен заңсыз іс-әрекеттер фактілеріне жол бермеуге бағытталған қызметкерлермен профилактикалық әңгімелер жүргізіледі, қызметтік этика мен мемлекеттік мүдделерді қатаң сақтау, патриотизм мен қарапайымдылық, кәсібилік пен адалдық, әділдік, сыпайылық насихатталады.