Жарияланған күні: 07.11.2018 17:16
Өзгертілген күні: 07.11.2018 17:21

2018 жылдың 1 қантардан  бастап  1 қазанына    дейін  кезең үшін есептелген салық және төлемдердің сомасын  2018 жылғы 10 қарашадан  кешіктірілмей төлеуге    қажет:

  •  бірыңғай жер салығын
  •  су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем.

     Бірыңғай жер салығын төлеу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша бюджетке жүргізіледі. Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем сомасы рұқсат құжатында көрсетілген арнайы су пайдалану орны бойынша бюджетке төленеді.

    Бірыңғай жер салығынан басқа:

  • төлем көзінен ұсталатын, жеке табыс салығын,
  • міндетті зейнетақы жарналары,
  • әлеуметтік аударымдар,
  • және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін аударымдар    және (немесе) жарналар.

Олар бойынша төлем ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін жүргізіледі.

       Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдерді "электрондық үкімет" веб-порталында төлеуге болады (еGov.kz) (авторизациялау және электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою қажетсіз).

       Ол үшін  «Салық және қаржы» - «Төлемдер» - «Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» бөліміне өтіп, «Онлайн төлеуге» басу арқылы қызметке тапсырыс беру қажет. Салық төлеушінің ЖСН/БСН,  мемлекеттік кірістер органының атауын, төлем сомасын, бюджеттік жіктеу кодын  енгізгеннен кейін, жүйе автоматты түрде салық төлеу бөліміне ауысуды ұсынады. Толық рәсім аяқталғаннан кейін, төлеу фактісін растайтын электрондық чек ұсынылатын болады.