Жарияланған күні: 14.12.2022 18:19
Өзгертілген күні: 14.12.2022 18:22

       Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен, 07.12.2022 жылдан бастап,  салық төлеушілерге жедел көмектің екі сервисі іске қосылды: «Шотты бұғаттан шығару» және «Жеке тұлғалардың салықтары бойынша көмек»  (бұдан әрі – Сервистер).

          Бұл қызметтер тек «Salyqbot» тіркелген пайдаланушылары үшін қол жетімді, бұл салық төлеушілерге «бір-ақ рет басу» арқылы шығыс операцияларын тоқтата тұру себебін анықтау үшін өтінім қалдыруға немесе  жеке тұлғалардың жергілікті салықтары бойынша көмек алуға мүмкіндік береді. Көрсетілген қызметтер бойынша сұрау жіберу үшін «Salyqbot» пайдаланушыларына аймақты (облысты/қаланы) көрсету жеткілікті (пайдаланушыларға арналған бейне нұсқаулық қоса беріледі).

          Тіркелмеген пайдаланушылардан Telegram-да «Salyqbot» автоматты тіркеуден өту ұсынылады.

Салық төлеушілерге жауаптар сұрау түскеннен кейін 24 сағат ішінде берілуі керек.

          Сервистерге сұрау түскен кезде, мемлекеттік кірістер органдарының жауапты қызметкерлерлер мәліметтері негізінде ақпарат дайындап салық төлеушілерге ұсынуы тиіс:

          1. Шығыс операцияларын тоқтата тұру себебін түсіндіре отырып жауаптар:

          1) СЕН ұсынбау (қандай СЕН, қандай кезең, есептілік түрі);

          2) берешектің болуы (қандай салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, кезең бойынша; қажет болған жағдайда атқарушылық іс жүргізу жағдайында сот орындаушыларының байланыстары);

          3) камералдық бақылау бойынша бұзушылықтар (МКБ мекен-жайларын беру).

          2. Жеке тұлғалардың салықтары бойынша ақпарат:

          - мүлік салығы және жер салығы бойынша (объект, мекенжай, салық сомасы, кезең және т. б.);

          - көлік құралдарына салынатын салық бойынша (көлемі, объектісі, салық сомасы, кезеңі, Vin-код және т.б.).

          Бұдан басқа, мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасы және Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау туралы ақпарат «e-SalyqAzamat» және «SalyqBot» арқылы сауалнамалар жүргізу арқылы түсетінін хабарлаймыз.

          Сондай-ақ, салық төлеушілердің салық міндеттемелерін уақтылы орындауы мақсатында екінші деңгейдегі банктердің (KaspiBank АҚ және HalykBank ақ) мобильді қосымшаларында іске асырылған push-хабарламалармен қатар ағымдағы жылдың 26-желтоқсанына дейін салық төлеушілерге автоматты негізде сауалнама жүргізуді көздейтін салық есептілігін тапсыру және салық төлеудің алдағы мерзімдері туралы пайдаланушыларды хабардар ету сервисін «SalyqBot» - та іске асыру жоспарлануда (салық төлеушінің санат, салық салу режимі).

 

https//t.me/SalyqBot?start=arrest («Шотты бұғаттан шығару»), https//t.me/SalyqBot?start=naloq («Жеке тұлғалардың салықтары бойынша көмек»)  сілтемелері.

                                                                    

                                                                                      СҚО бойынша МКД

1)"шот-фактураның құлпын ашу"

Описание: C:\Users\ATURGU~1\AppData\Local\Temp\IMG-20221206-WA0036.jpg

 

 

2) "жеке тұлғалардың салықтары бойынша көмек"