Жарияланған күні: 11.10.2016 15:42
Өзгертілген күні: 11.10.2016 15:43

Салық төлеушілерді, бизнес-қоғамдастықтар өкілдерін және де басқа да мүдделі тұлғаларды заң жобасының ережелерін талқылауға қатысуңыздарды қолдаймыз

 

Солтүстік  Қазақстан  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  ҚР ҚМ МКК тапсырмасын орындау үшін келесіні жолдайды:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу бойынша уәкілетті мемлекеттік орган ретінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (әрі қарай – ӘҚБтК) енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар, жоспарланып отырған жаңалықтар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуде.

Сонымен а.ж. маусым айынан бастап Әділет министрлігімен әлеуметтік желілерде (facebook, twitter, instagram) адвокаттар, үкіметтік емес ұйым өкілдері, ғалымдар және халық арасында ӘҚБтК нормаларын қолданудың проблемалық аспектілері мен ұсыныстарды талқылау аясында ресми аккаунттар құрылды.

Әділет министрлігі тұрақты түрде әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы жетілдіру бойынша мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстарын қарастыратын, заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс тобының отырысын өткізіп келеді. ӘҚБтК өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша әлеуметтік желілер арқылы келіп түсетін ұсыныстар да жұмыс тобының отырыстарында қарастырылатыды.

Сонымен ұсынылған ақпараттық кітапшаны көбейту, оны халық және азаматтар арасында таратуды тапсырамыз.

Сонымен салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзулығы және кеден істері саласындағы істері мемлекеттер кірістер органдарының ведомстволығында болғасын салық төлеушілері, бизнес-қоғамдастықтар өкілдерін және де басқа да мүдделі тұлғаларды заң жобасының ережелерін талқылауға қатысуңыздарды қолдаймыз.