Жарияланған күні: 30.10.2017 17:48
Өзгертілген күні: 30.10.2017 17:50

Қазанның соңы, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының кеден блогы бойынша орынбасары Р.Қ. Рақымбердіге бұқаралық іс-шараларға толы болды.

19 қазанның өзінде  «Қазақстан Петропавл» телеарнасының тікелей эфирінде «Из первых уст» бағдарламасының трансляциясы өтті, оның барысында облыстың кеден қызметінің іс-қимылының ағымдағы кезеңі, ЕАЭО және Қазақстанның кеден кодексінің новелласы, оның күшіне енуі жаңа жылға белгіленгені және сыртқы-экономикалық қызметті жүзеге асыру тәртібінде өзгерістері туралы  СҚО жалпы жұртшылығына әңгімеленді.  

Тағы да,  25 қазанда Руслан Қайыргелдіұлы «Нұр Отан» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының кәсіпкерлікті қолдау бойынша өңірлік қоғамдық кеңесінің отырысында тыңдалды.

Партиялықтарды қызықтырған мәселе «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 38-қадамының орындалуы. Ол баяндамасында экспортерлер мен импортерлердің кедендік рәсімдерді өту кезінде «Бірыңғай терезе» принципін енгізу, электрондық декларациялаудың  жүйесін дамыту, экспорт және импорт үшін құжаттар санын кеміту, сол сияқты оларды өңдеу уақытын қарастырды.

Кедендік рәсімдерді өту кезінде «Бірыңғай терезе» принципін енгізу және кедендік декларациялаудың автоматтандырылған жүйесін енгізуді қарай келе, Руслан Қайыргелдіұлы солтүстікқазақстандық кеденшілерде мемлекеттік бақылаудың барлық түрлерін автоматтандырылмағанын жүзеге асыру тәжірибесі бары туралы басында айтып кетті.

 2016 ж. тамыздың басында Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті облыстық мемлекеттік кірістер департаменттерінің мекен-жайына Қаржы, ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы, инвестициялау және даму министрліктерімен бекітілген «Кедендік тазарту және тауарларды шығаруды кедендік декларациялаумен байланысты, кеден операцияларын жасау кезінде Кедендік ресімдеу орталықтарында (КРО) және халықаралық Көліктік-логистикалық орталықтарында (КЛО) мемлекеттік органдардың өзара әрекет ету тәртібін бекіту туралы» Бірлескен бұйрығы жолданған болатын. 

Қысқаша, бұйрықтың мазмұны, барлық мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары КРО және КЛО ғимараттарының бірінде орналастырылады, бақылаудың барлық түрлерін жүзеге асыру үшін, қатаң уақыттық нормативтер енгізілді (бір көлік құралына 5 минуттан көп емес құжаттық бақылауға, нақты бақылауға 30 минуттан көп емес), белгіленген уақыттық нормативтерді сақтауға бақылау жасау үшін, мемлекеттік бақылауды өткені туралы Талон айналымға енгізіледі, онда әр бақылаушы органның лауазымды тұлғасы өз бағанында бақылаудың басталу және аяқталу уақытын белгілейді және қабылданған шешім туралы белгі қояды.

2016 жылғы 10 тамыздан мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары «STOREHOUSE.KZ» КЛО ғимаратында, Ғ.Мүсірепов,34-Б мекен-жайы бойынша орналасқан, бұл ретте КЛО әкімшілігі оларды «Петропавл-КРО» кеден бекеті мен уақытша сақтау қоймаларына (УСҚ) тікелей жақын орналасқан жұмыс орындарымен қамтамасыз етті.

Басқа мысал, Солтүстік Қазақстан облысы Г. Мүсірепов  атындағы ауданның Новоишимское с. Сервистік қызмет көрсету (СҚО) құру бойынша жоба болып табылады, ол «ҚТЖ-Жүк тасымалдау» АҚ Ақмола бөлімшесі, СҚО Облыс әкімдігі мен кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп іске асырылатын жоба. СҚО «бірыңғай терезе» принципі бойынша жүк жіберушілерге қызмет көрсетуді ұсынады.

Өңірлік қоғамдық кеңес мүшелері Петропавл қ. кедендік ресімдеу аймағының (КРА) құрлысы туралы білді.

 Қазіргі кезде Солтүстік Қазақстан облысы Әкімінің қолдауымен КРА құрлысына Петропавл қаласының Космонавтар көшесі бойынша 16 га. жер телімі бөлінген, осы бөлінген жер телімі бойынша техникалық жағдайлары мен ЖСҚ әзірлеу үшін алғашқы материалдары алынған, жерглікті атқарушы органдармен және мемлекеттік мекемелермен құжаттарды қажетті келісімдер өткізілген.

 38 қадамның жағдайларын іске асыру туралы партиялықтарға баяндамасы кезінде Руслан Қайыргелдіұлы кедендік бизнес-процестердің автоматтандырылуы туралы да айта кетті.

 Ағымдағы жылдың 1 қазанынан дүниежүзінде кеңінен қолданылатын «ASYCUDA» кедендік деректерді өңдеудің ақпараттық жүйесі платформасының негізінде, республикада «АСТАНА-1» ақпараттық автоматтандырылған жүйесі енгізілген.

         Жүйе қазіргі кезде тек ішкі кедендік транзит процедурасын бақылау бөлігінде ғана енгізілген-яғни, әкелінетін тауарлардың шекараны өту сәтінен бастап, тағайындалған кеден органына дейін кедендік бақылаумен оның жылжуын қоса, кедендік транзит процедурасының аяқталуы мен уақытша сақтау-яғни, кедендік тазартуды қоса.

2018 жылғы 1 қаңтардан  «АСТАНА-1»  АЖ басқа да кеден процедуралары бойынша жұмыс жасайтын болады.

«АСТАНА-1» ақпараттық жүйесін енгізу мақсаты-кедендік тазарту уақытын қысқарту және кедендік процедураларды автоматтандыру есебінен тиімділігін көтеру.

«АСТАНА-1» жүйесіне жоба жасауға техникалық жағдайында, оларды қағаз тасымалдағышта ұсынусыз, электронды түрде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен қажетті құжаттарды алу қаралған.   

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жүйе толық көлемде іске қосылады, ал болашақта сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар автоматтандырылған «бірыңғай терезе» іс жүзінде іске қосылуын-теміржол, авиа және автотасымалдаушылар, қоймалар, кеден өкілдері, сертификаттау органдары- болашақта «АСТАНА-1» АЖ ықпалдандырылады.

Экспорт және импорт үшін құжаттар санының және оларды өңдеу уақытының  азаюы туралы Руслан Қайыргелдіұлы, кәсіпкерлік қызмет туралы жағдайлардың түбегейлі жақсару мәселелері туралы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген кейбір өзгертулер мен қосымшалар туралы айтты. Енгізілген өзгертулермен кедендік операциялар оңтайландырылған және кедендік декларациялау үшін қажет құжаттар саны азайған.

Кәсіпкерлікті қолдау бойынша өңірлік қоғамдық кеңесінің өткен отырысының  қортындысы бойынша, Солтүстік Қазақстан облысының «Нұр Отан» партиясының филиалымен СҚО бойынша МКД адресіне тиісті  ұсыныстар жолданған.