Жарияланған күні: 31.07.2015 15:21
Өзгертілген күні: 31.07.2015 15:23

 

Салық салу саласында мемлекет бюджетіне салмақты залалкелтіретін және көлеңкелі экономика көзінің бірі болып табылатын  жалған кәсіпкерлік мәселесі бар..

Жалған кәсіпкерлік, атап айтқанды  ҚҚС жүйесінде салық салудан қандай да бір сызбалар арқылы салықтан жалтару тәсілінің болуы мүмкін.

Жалған кәсіпкерлерге жалған шот-фактура, ҚҚС есептеу сомасын арттыру  үшін коммерциялық құрылымдардың басқа бухгалтерлік құжаттары және корпоративті табыс салығы бойынша шегерімді ұлғайту ұсынылады.

ҚҚС төлеушілердің қызметіне бақылауды күшейту мақсатында  Солтүстік  Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде салық төлеушілерге қайта қойылған ҚҚС бойынша комиссия құрылды. Комиссия құрамына СҚО Кәсіпкерлер палатасының өкілі, Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері, сонымен қатар облыс департаменті басқрамаларының басшылары, Петропавл қ. Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы кірді.

Комиссия құрылғаннан бері барлығы 19 комиссия отырысы өткізілді, онда салық төлеушілердің 48 өтініші қаралды, соның ішінде 30 салық төлеуші  ҚҚС төлеуші ретінде тіркелген.  

Комиссия отырысы барысында үшінші тұлғаның өтініші бойынша жеке тұлғаларға тіркелген кәсіпорындар фактісі анықталуда.