Жарияланған күні: 27.04.2015 10:51
Өзгертілген күні: 27.04.2015 10:53

 

2015 жылғы 17сәуірде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде, Астана қ. Қазақстан Республикасы спорты және мәдени қызметкерлерін, бизнес-қауымдастықты шақырумен,үздік салық төлеушілерді және сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысын марапаттау салтанатты рәсімі өтті.

Конкурстың негізгі мақсаты- бизнесті ашық және сауатты жүргізген, экономиканың әр түрлі салаларында табысты жұмыс атқаратын, салық төлеушілерді анықтау.

 Салық төлеушілердің  және мемлекеттік кірістер органының арасындағы  серіктестік өзара қарым-қатынасты нығайту,  бюджеттің кіріс бөлігін толықтыруға жолданған, іс-шараларды қолдау мен азаматтардың жоғары салық мәдениетін  қалыптастыру мақсатында осындай конкурстар өткізіледі. Конкурс  Мемлекет алдында өз міндеттерін адал орындағаны үшін алғыс білдіретін құрал, сондай-ақ салық төлеушілердің және бақылау органдарының арасындағы серіктестік қатынастарды жақсартуға көмек көрсетілуіне, олардың  қатынастарында сенімділік пен ашықтың  артуына  сенеміз.  

Номинациялардың әр түрі бойынша  «Үздік салық төлеуші»  және «Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы» конкурсының лауреаттары 20 кәсіпкер  болды.

Республикалық деңгейде-  «Өнідіріс- жеңілдетілген декларация негізінде арнаулы салық режимі»  номинациясында  Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының  жеке кәсіпкері Ахмұтдинов (Оралұлы Сермұхамет) жеңімпаз атанды.

Кәсіпкер  бюджетке салықты уақытында төлейді. 

Кәсіпорында өндірістік объектілер, құрылыс материалдарының және ағаштан өңделген бұйымдар  дүкені бар. Кәсіпкер өз жұмысшылары үшін жайлы жағдай жасаған: асхана, келесі сатып алумен үйлер, жастар жатақханамен қамтамасыз етілген.    

 Аймақ өміріне  белсенді қатысады:

Ø  Мешіт үшін асхана құрылысына  демеушілік көмек  көрсетеді ;   

Ø Ауданның 13 елді-мекендерінде  хоккейлі қорапшалар, Бескөл с. 3 балалар ойын алаңы  салынған;  

Ø Қазақстан және Ресейдің  спортшылары қатысатын, Архангелка с.  еркін күрес бойынша халықаралық  жарысты жүргізуді  ұйымдастыруға  жыл сайын қатысады.  

Ø Ауданның барлық ҰОС қатысушыларын тегін отынмен қамтамасыз етеді.

Кәсіпкер  «Парыз» бизнесінің әлеуметтік жауапкершілігі сайысына қатысып, біздің өмірімізді сапалы және бақытты  етіп жасауға  кеңпейіл  ынтасы үшін, өз ісіне және еңбекке берілгені үшін 2012ж. Астана қ. «Парыз» сыйақысымен   марапатталды.