Жарияланған күні: 25.08.2016 18:14
Өзгертілген күні: 25.08.2016 18:16

 

2016 жылы 19 тамыз «Есіл» бизнес – орталығында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен  бірге  Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасымен ұйымдастырылған, салық салу мәселесі бойынша семинарда осы және өзге сұрақтардың жауаптары айтылды.  

Құттықтау сөзімен СҚО КД қаржылық емес кәсіпкерлік демеу бөлімінің сарапшысы Лина Николаевна Ермолаева сөз сөйледі, қатысушыларды құттықтап, осы іс-шараның маңыздылығы жөнінде хабарлады, және семинардың регламентімен таныстырды.

Қазақстанда 2014 ж. 1 шілдесінен ерікті негізде қолданылатын электронды шот фактураларды көшіру мүмкіндігі пайда болды. Соған байланысты, қайта-қайта мәселелер туындайтын, осы тақырып бүгінгі жағдайда салық төлеушілер үшін аса өзекті болып табылатынын еске саламыз.

Электронды шот-фактура туралы ақпаратпен ҚҚС әкімшілендіру бөлімі басшысы Д.А.Ковальд сөз сөйледі, салық органына ұсынылатын ақпарт алмасу және есептілік саны режімін оңайлату, кәсіпкерлермен құжат айналымына жұмсалатын, шот – фактуралардың электронды режіміне аудару уақытын қысқартуға болатынын тағы да атап өтті.
       Қазақстан дүниежүзілік сауда ұйымына енді, кеден бажының төмендеген ставкалары бойынша импортшыларға тауарларды әкелу мүмкіндігін берді. Виртуальды қоймада кірістелген, мөлшеріне ұйқас «ЭШФ» АЖ электронды шот-фактураларын рәсімдеу процедурасы осыған себепші болады, «ЭШФ» АЖ «Виртуальдық қойма» модулін пайдалану кеден аймағында тауарларды орнынан ауыстыру процедурасын оңайлату үшін. Егер кәсіпкер шот-фактураларын  жүз пайыз электронды түрде жазып алса, оның салық органына шот-фактуралардың реестріне ұсыну қажеттілігі жоқ болатынын Дмитрий Александрович атап өтті.

       ЕАО жаңа кеден кодексінің шегінде кедендік әкімшілендіру бойынша жаңалықтар туралы, слайдтарды көрсетумен,  СҚО бойынша МКД Кедендік ресімдеу басқармасының бас маманы – Светлана Александровна Липина сөз сөйледі.

       2013 ж. желтоқсанда басталған, жаңа кеден кодексі жобасын дайындау бойынша қазіргі уақытта ЕАЭО елдерінің кеден қызметімен жұмыс жүргізілуде. Бес ел үшін бірыңғай нормалы құжат құру – бүгінгі күнге өте жеңіл міндет емес жоба 350 астам ұлттық заңнама құзыретінің жіберу нормаларын ұстайды, ел ішінде кеден процесстерін реттеуге рұқсат етеді.  

ЕАЭО кеден кодексі жобасының негізгі жаңалықтарымен таныстырды:

 

  • Электронды кедендік рәсімдеу артықшылығын бекіту.
  • Электронды цифрлік қолды пайдаланумен электронды құжат түрінде алдын ала ақпарат беру мүмкіндігін ұсыну.  
  • Кеден өкілі қатысуынсыз (брокер) кеден органдарына кедендік декларациясын (құрастыру) толтыру мүмкіндігін бекіту. 
  • «Постфактум» кедендік тазарту режімін енгізу. .
  • Кедендік декларация беруге дейін тауар шығару үшін мүмкіндігін СЭҚ қатысушылардың жеке санатын ұсыну.
  • Кеден өкілдері үшін кедендік төлемдерін төлеуді қамтамасыз етуді міндетті ұсыну туралы нормаларын шығару, бүгінгі күнге тікелей КК КО бекітілген және 1 миллион евроны құрайды. (Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі шешімімен осындай қамтамасыз ету сомасы анықталатыны туралы шешім қабылданған).  
  • Кеден қоймасының кеден процедурасын аяқтауда СЭҚ ТН бір кодымен оларды ресми мәлімдеу мүмкіндігін ұсыну бөлігінде, жинақталмаған, бөлшектелінген түрде тауар әкелімі оңайлатылған. 
  • Өкілетті экономикалық операторлар институтын дамытудың жаңа үлгісі және т.б.

Сондай-ақ кедендік әкімшілендіру мәселелерін атап өтті:

  • Алдын ала ақпарат ұсынбағаны үшін жауапкершілік орнату;
  • Міндетті алдын ала кедендік ресми мәлімдеу енгізу;
  • Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын анықтау;
  • Уақытша сақтаудың өзге орындарын анықтау;
  • Бір мемлекет аумағы бойынша тасымалдауда транзиттің кедендік процедурасын қолдану ерекшелігін анықтау;
  • Бос кеден аймағының кедендік процедурасына орналастыруға жатпайтын, шетелдік тауарлардың тізімін орнату;
  • УЭО  реестріне енгізу үшін қосымша талаптарды орнату мүмкіндігі және т.б.

Төлем және төлем жүйелері мәселесі бойынаша салық заңнамасында жаңа өзгерістер туралы салық мәдениет көтеру үшін және салық төлеушілердің хабардарлығы үшін Түсіндіру жұмыс басқармасының бас маманы Ж.Қабдөшева таныстырды.

Көздеу және бақылау саласында, ұйымдастыру және төлем жүйелерінің жұмыс істеуі саласында туындайтын, қоғамдық қатынасты реттейтін, сондай-ақ ҚР төлемдерді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру саласында, 26.07.2016 ж. ҚРЗ № 11-VI  «төлем және төлем жүйелері туралы» ҚР заңы ресми жарияланған. ҚР төлемдер және ақша аударымын жүзеге асыруда туындайтын, субъект қатынасы болып табылатын, жеке және заңды тұлғаларға осы заң әрекеті таралатынын Ж.Қабдөшева хабарлады.

Сондай-ақ Салық кодексі өзгерістері туралы таныстырды:

Шетелдік қаражат алатын, кейбір тұлғаларда салық органына  хабарлау міндеті пайда болды.

Кодекстің 14 б. салық және бюджеттің басқа да міндетті төлемдері туралы (салық кодексі) нақты критерилер белгіленді. Салық органына хабарламаны келесі мақсатқа бағытталған және шетел көздерінен ақша (өзге) және мүлік алғаны туралы келісім жасаған тұлғалар ұсынады:

  • Заңды көмек көрсету, соның ішінде құқықтық хабарландыру, азаматтар және ұйым мүдделеріне өкілдік ету және қорғау, сондай-ақ оларға кеңес беру;
  • Қоғамдық пікір, сұратуларын жүргізу және оқып білу, әлеуметтікжауап алу (коммерциялық мақсатта, әлеуметтік жауап алу және қоғамдық пікір сұратуларын қоспағанда), сондай-ақ олардың нәтижелерін тарату және орналастыру;
  • Көрсетілген қызмет  коммерциялық мақсатта жүзеге асқан жағдайда, жағдайларды қоспағанда, ақпаратты тарату және талдау, жинау.

Салық есептілігін ұсынумен, кәсіпкерлік қызметтен сыртқы сауда түсімін алатын және коммерциялық мақсатта сәйкес қызметпен айналысатындарға осы өзгерістердің қатысы жоқ;  

Шетелдік қаржыландыру көздері жариялауға беріледі.

Азаматтар және ұйым құқығы бұзушылқтарын жібермеу мақсатында, субъектілердің айқын тізімі және негіздемелері анықталғанда, шетел көздерінен ақша және мүлік алу туралы мемлекеттік кірістер органдарын осындай субъектілер хабардар етуге міндетті. Сондай-ақ заң әрекеті таратылмайтын кең және ашық тұлғалар және жағдайлар тізімі белгіленген.

Сөз соңында, ТЖБ бас маман шетелде және ел ішінде орналасқан, ақшаны және мүлікті заңдастыру процедурасын оңайлату бойынша негізгі сәттерді тағы бір рет атап өтті.