Жарияланған күні: 29.05.2017 16:29
Өзгертілген күні: 29.05.2017 16:40

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2017 жылғы 24 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының Мамандандырылған  ауданаралық  экономкалық сотымен ұйымдастырылған «Оңалту және банкроттыққа қатысты  өзекті мәселелер»  тақырыбы бойынша дөңгелек үстелге қатысты. 

Іс-шараға  Солтүстік Қазақстан облысының азаматтық істер  бойынша сот алқасының судьясы  Ж.К.Кенжебаева және Солтүстік Қазақстан облысының Мамандандырылған  ауданаралық  экономкалық сотының  төрағасы мен судьялары, адвокаттар, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, СҚО бойынша МКД өкілдері және де  әкімшілер  қатысты. 

2017 жылғы 18 сәуірде  Азаматтық процессуальді  заңнамаға,  Оңалту және банкроттық  туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер, кездесу барысында талқыланды, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының  02.10.2015ж. №5 «Оңалту және банкроттық  туралы заңнаманы қолдану практикасы  туралы»   нормативті қаулысына өзгерістер енгізілген.   Оңалту және банкроттық  туралы қолданыстағы  заңнаманың нормаларын  біркелкі қолдануға,  өзгерістер   бағытталған.

Нормативті қаулыда   төлем қабылетсіздігін реттеу  рәсімін  қолдану  шартына, борышкерге қатысты банкроттық және оңалту   рәсімдерін қолдану туралы істі қарағанда  дәрменсіз және төлем қабылетсіздігі фактісін анықтауға,   судьялардың назары  аударылған.

«Оңалту және банкроттық  туралы»   Заңның 11 бабының 5 тармағымен көзделген, оның міндеттері бойынша борышкердің лауазымды  тұлғасының  жауапкершілігі АК 44 бабының 3 тармағымен көзделген, егер заңды тұлғаның банкроттығы оның құрылтайшысының (қатысушысының) немесе оның мүлкiнiң меншiк иесiнiң iс-әрекетiнен туындаған болса, заңды тұлғаның қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда құрылтайшы (қатысушы) немесе оның мүлкiнiң меншiк иесi несие берушiлер алдында субсидиарлық жауапкершiлiктің дербес түрі болып табылады, сонымен қатар шығындарды  өтеу туралы  мәселені шешу  үшін қажетті, жағдайларды анықтауды талап етпейді, атап айтқанда:  залал келтірушінің кінәсі, нәтижемен  басталғанның (залал) және әрекетпен (әрекетсіздің) арасындағы  келтірілген байланыс, заладың  келтірілген,  залалдың  бары,  құқыққа қайшы әрекет (әрекетсіздік).

 Бұдан басқа, уақытшы әкімшінің және басқаларының қорытындысын ұсыну, қасақана және  жалған банкроттық мәселелер, кәсіпорынның  борыштары бойынша субсидиарлық жауапкершілікке борышкердің лауазымды тұлғаларын  тарту туралы   келелі мәселелер  талқыланды.

Баяндамашылар сөз сөйлеген соң  оңалту және банкроттық рәсімдерді іске асырғанда  туындайтын келелі мәселелерді, сондай-ақ банкроттық рәсімде бітімгершілік  келісім  жасау, төлем қабілетсіздігін реттеу  рәсімін қолдану    мүмкіндігін  және басқ. талқылады.    

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар   іс-шара өткізгені  үшін  облыстық және  мамандандырылған  ауданаралық  экономкалық сотының судьяларына алғыс  айтты және  тұрақты негізде  осындай кездесулерді жүргізу қажеттілігі турлы шешім қабылдады.

 

 

 

                  СҚО бойынша МКД  Борыштармен жұмыс басқармасы