СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті уақытылы және толық салық міндеттемесін орындау мақсатында, мынадай декларацияларды 2018 жылға қыркүйек айында табыс ету мерзімін салық төлеушілердің назарына аударады:
- Коммерциялық табу бонусы жөнiндегi декларацияны (ф.510.00) жер қойнауын пайдаланушы орналасқан жерi бойынша салық органына, 2018 жылғы 15 қыркүйекке дейін тапсырылады, егер төлеу мерзімі 2018 жылғы шілдеде басталса;
- Акциз жөнiндегі декларацияны (ф.400.00) және акциз бойынша есеп-қисаптарды 2018 жылғы 15 қыркүйекке дейін шілде айы қорытындысы бойынша. Құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғаларға акциз бойынша есеп-қисапты ұсыну талап етілмейді;
- Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация (ф.320.00) 2018 жылғы тамыз бойынша;
- Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (ф.300.00) 2018 жылғы тамыз бойынша;
- Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақысы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын (ф. 851.00). Егер 2018 жылғы тамызда уақытша өтеулі жер пайдалану туралы шарт жасалса немесе барлауға лицензия алынған немесе қатты пайдалы қазбаларды тамызда 2018 жылғы
- Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық декларациясы (ф. 870.00) . 100 АЕК-ке дейінгі төлем көлемімен жылдық жиынтық көлеміндегі төлем төлеушілері, 2018 жылғы тамыз айы бойынша рұқсат беру құжатын ресімделген жағдайда.