Date of publication: 05.09.2018 15:24
Date of changing: 05.09.2018 15:24

СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  уақытылы және толық салық міндеттемесін орындау мақсатында, мынадай декларацияларды 2018 жылға қыркүйек айында табыс ету мерзімін салық төлеушілердің назарына аударады:
        - Коммерциялық табу бонусы жөнiндегi декларацияны (ф.510.00)  жер қойнауын пайдаланушы орналасқан жерi бойынша салық органына,  2018 жылғы 15 қыркүйекке дейін тапсырылады, егер төлеу мерзімі 2018 жылғы шілдеде басталса;

  -  Акциз жөнiндегі декларацияны (ф.400.00) және акциз бойынша есеп-қисаптарды 2018 жылғы 15 қыркүйекке дейін шілде айы қорытындысы бойынша. Құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғаларға акциз бойынша есеп-қисапты ұсыну талап етілмейді;

 - Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация (ф.320.00)   2018 жылғы тамыз бойынша;

 - Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (ф.300.00) 2018 жылғы тамыз бойынша;

 - Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақысы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын (ф. 851.00). Егер 2018 жылғы тамызда уақытша өтеулі жер пайдалану туралы шарт жасалса немесе барлауға лицензия алынған немесе   қатты пайдалы қазбаларды тамызда 2018 жылғы

   - Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық декларациясы (ф. 870.00) .  100 АЕК-ке дейінгі   төлем көлемімен   жылдық жиынтық көлеміндегі төлем төлеушілері, 2018 жылғы тамыз айы бойынша  рұқсат беру құжатын ресімделген жағдайда.