Жарияланған күні: 16.11.2018 17:34
Өзгертілген күні: 16.11.2018 17:36

2014 жылы қабылданған «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы банкроттық рәсімінің кез келген сатысында, борышкер мен кредиторлар арасында бітімгершілік келісімді жасау мүмкіндігін қарастырады.

         Кредиторлар тарапынан бітімгершілік келісімді жасасу туралы шешім кредиторлар жиналысында қабылданады, ал банкрот тарапынан мүліктің меншік иесі, банкроттың құрылтайшысы (қатысушысы) және банкроттықты басқарушы қабылдайды.

                Бітімгершілік келісімде көзделген құқықтар мен міндеттерді өзіне алатын үшінші тұлғалардың бітімгершілік келісімге қатысуына жол беріледі.

         Бітімгершілік келісімді сот бекітеді және банкрот міндеттемелерін орындауды кейінге қалдыру және (немесе) мерзімін ұзарту, банкроттың талап ету құқықтарын басқаға беру, банкроттың міндеттемелерін үшінші тұлғалардың орындауы, борышты аудару, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектеулерді ескере отырып, кредиторлардың талаптарын банкроттың акцияларына, жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне алмастыру, кредиторлар талаптарын Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қанағаттандыру жағдайларында жасалуы мүмкін.

                Бітімгершілік келісімде банкрот міндеттемелерін орындау мөлшері, тәртібі мен мерзімдері туралы және (немесе) оның міндеттемелерін тоқтату туралы мәліметтер болуға тиіс.

         Бітімгершілік келісімді соттың бекітуі банкроттық рәсімін тоқтату үшін негіз болып табылады.

Сонымен қатар Заң банкроттық рәсімінен оңалту рәсіміне өту мүмкіндігін де қарастырады,  егер бұрындары борышкерге қатысты оңалту рәсiмi қолданылмаған, ал банкроттық рәсімі барысында мүліктің меншік иесі немесе құрылтайшы (қатысушы) оңалту жоспарын әзірлеген.

Мүліктің меншік иесі немесе құрылтайшы (қатысушы) не ол уәкілеттік берген адам банкроттықты басқарушыға кредиторлар жиналысын өткізу туралы өтініш жасайды, онда әзірленген оңалту жоспары мен банкроттық рәсімінен оңалту рәсіміне көшу мүмкіндігі қарастырылған.

          Борышкер мүлкінің меншік иесі, құрылтайшы (қатысушы) не ол уәкілеттік берген адам кредиторлар жиналысының келісімі және банкроттықты басқарушының оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы қорытындысы болған кезде банкроттық рәсiмін тоқтату, оңалту рәсiмiн қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.

                Сот оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы шешім шығарған жағдайда борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып борышкерді тарату туралы шешiм жойылуы тиіс.

Осылайша, банкроттық рәсімінде борышкердің мүмкіндіктерін кеңейту пайда болған дағдарыс жағдайынан шығу, кәсіпорындардың таратылуын болдырмау және, демек, жұмыс орындарын қысқарту болып табылады.

 

                                                     СҚО МКД Борыштармен жұмыс басқармасы