Date of publication: 15.05.2019 11:01
Date of changing: 15.05.2019 11:04

Спорт мемлекеттік басым саясаттың бірі болды және болып қала береді.

 Шынында да, спорт қоғамның ажырамас бөлігіне, оның имиджіне, елдің экономикалық және әлеуметтік жетістіктерінің бейнесіне айналды.

  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Төлеген Дастемұлы Қабдөшев өзінің жеке үлгісімен спортқа деген көзқарасын білдіреді және жас ұрпаққа үлгі көрсетеді. Соңғы мысалдардың бірі - хоккей ойыны. Төлеген Дастемұлы Ақмола облысының командасына қарсы достық ойынға қатысып, құрамына Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік қызметкерлері кіретін "Қызылжар" облысының командасы үшін ойнап, қарсыласының қақпасына 2 шайба салып, командаға жеңіс ұпайларын жеткізе алды.

   Сонымен қатар, Төлеген Қабдөшев спорт залына, бассейнге барып, тәуелсіз Қазақстанда дене шынықтыру мен спортты дамытуға шақыратын салауатты өмір салтын насихаттайды.

Төлеген Дастемұлының айтуынша: «Дене шынықтыру және спорт кез келген мемлекеттік қызметкердің өмір сүру салтына айналуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады!».

    Бүгінгі күні Департамент қызметкерлерінің 60% - дан астамы спортпен белсенді айналысады, түрлі спорт секцияларына қатысады. Департаменттің футбол және волейбол командалары мемлекеттік қызметкерлер арасындағы ең үздік командалардың бірі болып табылады.