Date of publication: 09.03.2015 21:16
Date of changing: 17.02.2022 18:31

 

 

Қабдушев Төлеген Дәстемұлы

1971 жылы 6 ақпанда Солтүстік Қазакстан облысы Ленин ауданында туған.

1989-1991жж. ҚСРО Қарулы күштері қатарында болды.

1992 жылы Ақмола қаржы-экономикалық техникумына тусіп, оны 1994 жылы аяқтады.

         2006 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Құқық тану» мамандығы бойынша.

Еңбек жолын 1994 жылы Петропавл қ бойынша Салық  инспекциясында  салық инспекторы болып бастады.

1997 жылдың  қыркүйегінен  жеке тұлғалардың салық аудиті бөлімінің аға  салық инспекторы, 1998 тамызынан бас салық инспекторы, 1999 жылгы 1 сәуірден  бастап СҚО бойынша Салық комитетінің  Петропавл к. бойынша салық  басқармасының  өндіріп  алу бөлімінің сектор меңгерушісі.

2000 жылғы қаңтардан  бастап 2005 жылғы cәyip айларында iшкі  аудит бөлімінің бам  салық  инспекторы, бастыгы, ұйымдастыру баскармасының бастығы турлі лауазымдарында қызмет аткарды. 2005 жылғы 20 cәуірде  F.Mycipeпoв  ат. аудан бойынша Салық  комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

2008 жылы Айыртау ауданы бойынша Салық  басқармасының бастығы  болып ауыстырылды.

2009 жылғы наурыздан бастап Солтүстік  Қазақстан облысы салық  департаменті  басшысының  орынбасары лауазымында, 2014 жылғы қараша айынан бастап СҚО бойынша Мемлекетік кipicтep департаменті басшысының орынбасары.

Облыстың салық кызметің дамытуға қомақты үлес енгізгені  ұшің  2010 жылы «Салық қызметінің үздігі» төс белгісімен  және 2012 жылы  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, 2013 жылы «Қаржы қызметінің үздігі», «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгілерімен  марапатталған.

 

 

 

 

Шайкенов Бауыржан Мергенбайұлы

Бауыржан Мергенбайұлы еңбек жолын 1992 жылы Көкшетау облысы Келлеровка ауылында Салық инспекциясының маманы болып бастаған.  Маманнан бастап заңды тұлғаларға салық салу бөлімінің, салық аудиті бөлімінің бастығы, Тайынша ауданы және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары, Қызылжар, Мамлют, Тайынша аудандары бойынша Салық комитетінің төрағасы болып еңбек жолын өтті. Ақмола облысы Көкшетау қаласы бойынша Салық басқармасының бастығы болды. 2014 жылдан бастап Ақмола облысы бойынша МКД басшысының орынбасары.

2021 жылғы 1 қарашадан бастап СҚО бойынша МКД басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

 

Дамир Бақытұлы Нұрғалиев
 
       Дамир Бақытұлы еңбек жолын 1996 жылы әртүрлі коммерциялық кәсіпорындарда бастады. Мемлекеттік органдардағы қызметін 15.06.2000 ж. бастап Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚР МКМ Алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік бақылау комитетінің Талдау және мониторинг бөлімінің маманы лауазымынан бастады.
Еңбек жолын Акцизделетін өнімдер өндірісі мен айналымын мемлекеттік бақылау комитетінің аумақтық басқармасының бақылау бөлімінің бас маманы, бастығы, Өскемен қаласы бойынша Салық комитетінің салық есептілігін қабылдау және өңдеу бөлімінің бастығы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінің акциздер басқармасының бастығы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің қосылған құн салығын әкімшілендіру басқармасының бастығы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары қызметтерінен өтті. 2015 жылдан бастап Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылымында акциздерді әкімшілендіру басқармасының, Салықтық бақылау департаментінің басшысы, әдіснама департаментінің Жеке тұлғаларға салық салу әдіснамасы басқармасының басшысы, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментінің жеке шоттарды әкімшілендіру және төлемдерді есепке алу басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
2022 жылғы 09 ақпаннан бастап СҚО бойынша МКД басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

 

                          Сенім телефоны                             8 (7152) 46-33-29