Date of publication: 25.02.2020 09:59
Date of changing: 25.02.2020 12:08

            Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың назарына

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – жүйе) кеден ісі саласындағы тізілім қызметін (уақытша сақтау қоймалары, өз тауарларын сақтау қоймалары, еркін қоймалар, кеден қоймалары, бажсыз сауда дүкендері иелерінің, кедендік тасымалдаушылардың, кеден өкілдерінің, уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімдеріне, зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу рәсімі) автоматтандыру бойынша жұмыстарды аяқтауда.

Тізілімге енгізуге арналған өтініштерді электрондық нысанда қабылдауды бастайтын күні туралы ақпарат қосымша орналастырылатын болады.

Осыған байланысты ақпараттық жүйесімен алдын ала танысу мақсатымен:

http://eokno.gov.kz/ ақпараттық жүйеде тіркеуден өтуді (нұсқаулық қоса берілген)

Ақпараттық жүйенің контентімен танысуды

Тізілімге енгізу процесі бойынша пайдаланушының нұсқаулығын (электрондық нысанда өтінішті толтыру, оны мемлекеттік кірістер органдарына беру) зерделеуді ұсынамыз. Нұсқаулар онлайн-оқу салымында http://eokno.gov.kz/ сайтының негізгі бетінде орналасқан

 

Мына:

жүйеде тіркелумен байланысты сұрақтар бойынша 87172-717980 телефоны бойынша Әубәкіров Әділбек Ғабдулвахитұлына;

өтініш нысанын толтырумен байланысты сұрақтар бойынша:

87172-717904 Тощевикова Оксана Александровнаға (УСҚ, ӨТСҚ, ЕҚ, КҚ иелерінің тізілімдеріне енгізу);

87172-718381  Байманова Әсемгүл Маратқызына (БСД иелерінің, кедендік тасымалдаушылардың, кеден өкілдерінің тізілімдеріне енгізу);

87172-718261 Жабағыбаева Диана Арманқызына, 717301 Мырзағали Болат Мырзағалиұлына (зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу);

87172-717070 Секенов Жандос Еркебұланұлына (уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу) жүгінуге болады.

 

Солтүстік Қазақстан облысында:

87152-465593 Чесенко Сергей Анатольевич (Управление таможенного контроля)

87152-460638 Хоменко Стелла Владимировна (Администратор системы)