Date of publication: 07.12.2018 12:20
Date of changing: 07.12.2018 12:26

        Егер сізде автокөлік құралы болса, көлік салығын 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеу қажет (КБК – 104402).

        Қалай және қайда болады?

     Көлік салығын dgdsko.idhost.kz сайтта білуге болады. Осы сайтта өткен жылдардың (2013-2017) төлемін ескере отырып, 2018 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық сомасын білуге болады. Көлік салығының сомасын білу үшін ЖСН енгізу қажет, содан кейін автомобильдің техникалық төлқұжатының мәліметтерін енгізу қажет. Салық сомасын Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан объектілер бойынша білуге болады.

     Қарызды Петропавл қаласының объектілері бойынша "Мәліметтерді басып шығару бойынша терминалдар" арқылы да білуге болады. Терминалдың қызметтерін келесі мекенжайлар бойынша пайдалануға болады:

- «Семейный» СҮ, мекен - жайы: Мұқанов к – сі, 53; Мир к – сі, 252;

- Сити Мол СҮ, Уәлиханов к - сі, 56;

- Рахат СҮ-Қазақстан Конституциясы к-сі, 55;

- Евразийский к-сі-Интернациональная к-сі, 63;

- Петропавл қ.МКБ РММ (ЖБО ғимаратында) - К. Сүтішев к-сі, 56А;

- Қызылжар ауданының тұрғындарына-Гагарин к-сі, 8 мекенжайы бойынша ЖБО Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында.

     Мәліметтерді басып шығару қызметі жеке тұлғаның ЖСН шифрланған жеке куәліктің штрих-коды арқылы бірден ұсынылады.

     Сондай-ақ өз салықтары туралы объектілердің орналасқан жері бойынша салық органдарына хабарласу арқылы білуге болады.Жер салығы, мүлік және көлік салығы бойынша байланыс телефондары "жеке тұлғалар" қосымша бетінде СҚО бойынша Салық департаментінің сайтында орналасқан .http://sko.kgd.gov.kz).

     Бұдан басқа, жоғарыда аталған салықтар бойынша ақпаратты WhatsApp ұялы құрылғысы арқылы (+ 77073636408) нөміріне алу мүмкіндігі іске асырылды.

     ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Web-сайтында https://kgd.gov.kz СҚО бойынша МКД және мультисайтинг http://sko.kgd.gov.kz көлік құралдарына салынатын салық және өсімақы автоматтық есеп айырысу орналастырылған, ол арқылы әрбір салық төлеуші салық сомасын, сондай-ақ өткен кезеңдер үшін салықты уақтылы төлемеген жағдайда өсімақы сомасын есептей алады.

 

                                                                                     СҚО  бойынша  МКД  ТЖБ