Date of publication: 16.03.2018 11:03
Date of changing: 16.03.2018 11:03

2018 жылғы жаңа Салық кодексінің 555-бабына сәйкес жаңа төлем- қызметтің жеке түрлерімен айналысуға лицензиялармен пайдаланғаны үшін төлем.

Алкоголь өнімдерін көтерме саудамен сату, сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.   

Бұл төлем алкоголь өнімдерін сатуға  арналған лицензияларға пайдалану құқығына бұрын қолданылған жыл сайынғы лицензиялық алым орнына енгізілді.

Алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

 

Р/с

Лицензияланатын қызмет түрлері

Төлемақы мөлшерлемелері, жылына (АЕК)

1

2

3

2.

Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу, әрбір қызмет объектісі үшін

200

3.

Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу, қызметті мыналарда жүзеге асыратын субъектілерге әрбір қызмет объектісі үшін:

 

3.1.

астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында

100

3.2.

басқа да қалалар мен кенттерде

60

3.3.

ауылдық елді мекендерде

20

 

Төлемақы төлеушілер төлемақы сомаларын өзінің тұрған жері бойынша ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей тең үлестермен жыл сайын төлейді.

Лицензияны  пайдаланғаны үшін төлемді салық төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке БЖК 105434  аудару қажет.

Егер есепті салықтық кезеңде лицензияны пайдалану кезеңі бір жылдан аз болса, төлемақы сомасы бір жылға есептелген төлемақы сомасын он екіге бөлу және бір жылда лицензия пайдаланылған (толық немесе толық емес) айлардың тиісті санына көбейту жолымен айқындалады.

Мысалы, егер лицензия Тайынша қ.бойынша 2018 ж. ақпанда тапсырылса, төлемақы сомасы 2018ж. 25 наурызынан кешіктірмей 24 050 теңге сомасында енгізіледі, егер 2018ж. ақпанда тапсырылса ауылдық елді мекенде – 8 017 теңге.

       Бұл ретте лицензия алу кезінде төлем бойынша төлеу міндеттемесі лицензия алған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдан бастап туындайды. Яғни, егер лицензия 2018 ж. алынса, төлемнің бірінші төлеу мерзімі 2019 ж. 25 наурызынан кешіктірмей туындайды.

Сол сияқты, лицензия алу үшін лицензиялық алымның мөлшерлемесі өзгерген жоқ және келесіні құрайды:

- алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге лицензия алу үшін – 200 АЕК.

- алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия алу үшін Петропавл қаласы бойынша қызметін жүзеге асыратын – 100АЕК, Сергеевка қ., Булаев қ., Тайынша қ., Мамлютка қ. бойынша– 70АЕК, ауылдық елді мекендерде – 30АЕК.

лицензия алуға белгіленген лицензиялық алым сомасы белгіленген мөлшерлеме бойынша БЖК-ға 105402 есептеледі және уәкілетті мемлекеттік органға тиісті құжаттарды бергенге дейін алымдарды төлеушінің орналасқан жері бойынша төленеді.