Date of publication: 21.02.2017 16:32
Date of changing: 23.02.2017 10:02

2017 жылғы 17 ақпанда оңалту және банкрот мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.   

Семинарға банкроттық басқарушылар қатысты.    

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  департамент басшысының орынбасары Т.Д.Қабдөшев семинарды ашты.  

Бұдан әрі семинар-кеңесті өткізу бағдарламасына сәйкес СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер депаратаментінің қызметкерлері - Яковенко Е.С.,Салкеев Қ.Д., Исабекова А.Э.баяндама жасады.

Семинарда айтылған келесі негізгі  мәселелер:  

   - Камералдық бақылау хабарламаларын  орындау тәртібі;  

   - Оңалту және банкроттықта жаңа механизмдерді қолдану;  

    - Әкімшілік шығындар құрамы, мөлшері мен оны төлеу тәртібі.  

Камералдық бақылау басқармасының басшысы Е.С.Яковенко өз баяндамасында, салық заңнамасына сәйкес банкроттық басқарушылармен камералдық бақылау хабарламаларын орындау тәртібімен таныстырды. 

Борыштармен жұмыс басқармасының басшысы  Салкеев К.Д.  баяндамасында «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістермен, кәсіпорындарды банкрот деп танғаннан кейін  оны сақтаудың альтернативті жолы ұсынылды. Банкроттық рәсімнің кез-келген сатысында борышкер мен кредитордың арасындағы оңалту және бітістіру келісімі бұл- рәсімін қолдану мүмкіндігі, сондай-ақ банкрот-компанияны сату және жеке меншікті ауыстыру. 

Банкроттық және оңалту  бөлімінің басшысы А.Э. Исабекова айтап өтті: «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 100 бабына сәйкес банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкiмшiлiк шығыстар олар бойынша төлеу міндеті банкроттық туралы іс қозғалған кезден бастап және одан кейінгі кезең ішінде туындаған, тартылатын мамандардың қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығындарды, уақытша және банкроттықты басқарушыларға ағымдағы төлемдер сомасын, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға еңбекақы төлеуді қамтиды. 

Әкімшілік шығыстарға салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша салық қызметі органы банкроттық рәсімі қолданылған салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңдер үшін есептеген, салық төлеушінің салықтық есептілікке сәйкес есептеген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жатады.

Кредиторлар комитетінің банкроттықты басқарушымен жасасқан келісімі шегіндегі әкімшілік шығыстар сомаларын басқарушы олардың пайда болуына қарай төлеуі мүмкін.

 Бұдан басқа, «Ең төменгі мөлшерді және әкімшімен негізгі  марапаттау төлеу  ережесін бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 18.03.2015ж. № 183  бұйрығымен  уақытша және банкроттық басқарушылар үшін негізгі марапаттау мөлшерлері белгіленді.

Сонымен қатар  қосымша марапаттау мөлшері мен алу жағжағдайлары Заңмен  көзделген, сонымен қатар  кредиторлар жиынының негізінде банкроттық басқарушыға қосымша марапаттау  төленеді.  

 

Семинар соңында департамент қызметкерлерімен оңалту және банкроттық рәсімін жүргізу кезінде туындайтын, көптеген келелі мәселелерге түсініктеме мен жауаптар берілді.