Date of publication: 27.04.2015 16:20
Date of changing: 27.04.2015 16:22

 

Тарихи, қасиетті мереке Ұлы Жеңістің 70 жылдығы жақындап келеді.   1945 жылдың 9 мамыры жылдар өткен сайын бізден алыстап барады, олар фашист басқыншыларын талқандады, әрине, біз, - ол күннің әкелеріміз бен аталарымыздың  орасан күшпен қол жеткізгендерін мәңгі есімізде сақтаймыз, жыл сайын бұл күнді, ұрпақтарының жарқын болашағы үшін  ойланбастан, өз өмірін қия отырып, әр минут сайын ұлы ерліктер жасаған   ардагерлермен бірге атап өтеміз. Міне, бізді өлім аузынан құтқарды, өздерінің ержүректілігін, батырлығын, өзінің Туған жеріне деген шексіз сүйіспеншілігін  сөзбен емес, өз Отанына және халқына деген сенімділігін істерімен дәлелдеп берді. Соғыс, халықтан орасан күшті және зор құрбандықты талап етті, бостандық пен тәуелсіздік үшін өзін құрбан етуі жалпыұлттық көлемде жүргізілді. 

Олардың біз үшін жасаған баға жетпес ерлігіне лайықты құрмет көрсетеміз. Қатаң шешім үшін аяғына дейін күресу. Талқандалған соғыста өлім аузында табандылық рух үшін. Біздің берік болашағымыз үшін және бізге деген сенімділік үшін. Аштық күндерді болдырмау үшін. «Жолбарыс» және «Қабылан» болат армадаларына қарсы тұрғанымыз үшін. Бізді олардан сақтағаны, олардың бізді қабылдағаны және барлық жақсылықтар үшін.

Бейбітшілікке 70 жыл. Бұл деген не? Бейбітшілік – бұл отбасының амандығы, әкелік және аналық қуаныш, ата-ана денсаулығы және біздің балаларымыздың бақытты күндері. Бейбітшілік – ол қауіпсіздік, ертеңгі күнге деген нық сенімділік.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Жеңіске арналған атаулы күн қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлері  Сұлтан Мұхамеджанұлы Мұхамеджановқа және Петр Петрович Горбуновқа барып құттықтады. Екеуі бөлек адам, бірақ тағдыры да, әңгімесі де ұқсас адамдар. Жас, сымбатты, күш қуаттары бойында тұнған бала жігіттер, ел басына күн туғанда, адам үшін ең қымбат – өмірді сақтап қалу үшін қолдарына қару алып, соғысқа аттанды!

Сұлтан Мұхамеджанұлы Мұхамеджанов, 20 жастағы жас бала,  1942 жылдан бастап 1945 жыл бойы Ұлы Отан соғысының  ұрыстарында соғысқан. Сталинград ұрысына қатысқан. Фашист басқыншыларынан Молдавияны, Румынияны, Болгарияны, Венгрияны азат еткен. Соғысты Берлинде аяқтаған. Сұлтан  Мұхамеджанұлы жауынгерлік еңбегі үшін ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен, Отан соғысы орденімен, «За отвагу» медалімен, «За победу над   Германией» медалімен, Кеңес одағының Маршалы Г.В. Жуковтың медалімен, сонымен қатар «Ұлы Отан соғысының Жеңіс» мерейтойлық медалімен марапатталған.

Петр Петрович Горбунов, ол бар болғаны 16 жастағы боз бала болатын, 1942 жылғы тамызда әскери қызметке шақырылған. 1943 жылы Оңтүстік-Батыс ұрыста соғысқан. Украинаны, Белоруссияны, Прибалтиканы, Польшаны азат еткен. Соғысты Берлинде аяқтаған.

Петр Петрович жауынгерлік қызметтеріне қатысқаны үшін 2 дәрежелі Отан соғысы және Қызыл Жұлдыз  Ордендерімен,  «За отвагу» медалімен, «За боевые заслуги», «За освобождение Варшавы» 2 медалі бар, «За взятие Берлина», «За победу над   Германией», Кеңес одағының маршалы Г.В.Жуковтың медалдарымен, сонымен қатар «Ұлы Отан соғысының Жеңіс» мерейтойлық медалдарымен марапатталған.

Бүгіндері, Сұлтан Мұхамеджанұлы және Петр Петрович Жеңістің кезекті мерейтойын атап өтуге дайындалуда. Бұл олардың мерекесі! Көрсеткен ерліктері үшін алған әрбір марапаттары, баға жетпес ордендері мен медалдарын тағып жатып, екі ардагер де бір ауыздан,  олар үшін ең қымбат – ол «За отвагу» медалі.

Департамент  қызметкерлері ардагерлерді келе жатқан мерекемен құттықтап, сыйлықтар тапсырды.

Ұлы Отан соғысының Жеңісі – біздің халқымыздың ерлігі және даңқы.

Бүгінгі бейбітшілік пен тұрақтылық -  бұл күнделікті еңбегімізбен сақталатын және нығайтыла түсетін жалпы халықтың игілігі. Жеңімпаздардың даңқы арта түссін!