Date of publication: 26.07.2023 22:19
Date of changing: 26.07.2023 22:23

 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Мемлекеттік кірістер комитет мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп «бір терезе» қағидаты бойынша интеграцияланған бақылауды енгізу бойынша жұмыстарды жүргізуде.

Жұмыстар шеңберінде егжей-тегжейлі талдау жүргізіліп және де сыртқы және ішкі кеден бекеттерінде, оның ішінде кедендік рәсімдеу орталықтарында интеграцияланған бақылауды жүргізудің технологиялық процесі қайта қаралды.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша интеграцияланған бақылауды ұйымдастыруды көздейтін бизнес-процесс әзірленді. Бұл бизнес-процесс ағымдағы жылғы 20 қаңтардағы кеңесте барлық қатысушы мемлекеттік органдармен қаралды және мақұлданды.

Бүгінгі таңда «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесіне модификациялау жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың соңына дейін бұл жұмыс аяқталады.

 

 

9 елмен ақпараттық алмасу туралы келісімдер жасалды

 

 Кедендік бақылауды ақпараттық қамтамасыз ету үшін жағдай жасау мақсатында 9 мемлекеттен (Қытай Халық Республикасы, Түркия Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Әзірбайжан Республикасы, Грузия Республикасы, Түрікменстан Республикасы, Украина Республикасы, Тәжікстан Республикасы) тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпараттық алмасуды ұйымдастыру туралы халықаралық келісімдер жасалды.

Тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын-ала ақпараттық алмасуда сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдайлар жасалды, атап айтқанда:

- тауарларды кедендік рәсімге орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасауды жеделдету;

- кедендік операциялар мен кедендік рәсімдерді жасау үшін қажетті құжаттар санын қысқарту;

- тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, тауарлар туралы ақпаратты талдау негізінде кедендік бақылау нысандары мен әдістерін қолдануды барынша азайту.

Қазіргі уақытта Қытай Халық Республикасы мен Өзбекстан Республикасының кеден органдарымен ақпараттық алмасу жүргізілуде.

Сондай-ақ Түркия, Түрікменстан, Иран Ислам, Украина Республикаларымен ақпараттық алмасудың техникалық шарттарына келісулер жүргізілуде. Әзірбайжан және Грузия Республикаларының кеден жүйелері арасындағы байланыс арнасын реттеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Тауарларды декларациялау толықтай цифрланған

 

 Салық және кеден салаларында цифрлық технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Цифрландыру қол жетімді онлайн-сервистер есебінен бизнес қызметін жеңілдетіп, экономикалық құлдыраудың салдарын азайтуға мүмкіндік бергенін атап өткім келеді.

Бұған дейін бизнес тарапынан кеденнің атына процестің ашық болмауына және қағаз түрінде декларациялау кезіндегі қиындықтарға қатысты көптеген мәселелердің болғаны жасырын емес.

Осыған байланысты электрондық декларациялау форматына көшу жүзеге асырылды.

Сонымен, сауда рәсімдерін оңайлату мақсатында, бұрын «АСТАНА-1» кедендік және салықтық әкімшілендірудің ақпараттық автоматтандырылған жүйесі енгізіліп, бұл 100% электрондық кедендік декларациялауға көшу бойынша халықаралық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етті.

Бұдан басқа, 2022 жылғы қыркүйекте үшінші елдерге жүріп өтетін транзиттік тауарларды кедендік декларациялауға байланысты кедендік операциялардың хронометражы жүргізіліп, ұлттық теміржол тасымалдаушысы мен мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл схемасы әзірленді.

Бұл өзара іс-қимыл схемасы тауарлардың келгені туралы хабарламаны, алдын ала ақпараттандыру негізінде транзитті декларациялауды, транзиттік декларацияларды автоматты тіркеуді және автоматты шығаруды көздейді (бір контейнерлік поезды рәсімдеу уақыты 3 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарады).

Қазіргі уақытта қазақстан-қытай шекарасындағы «Алтынкөл» және «Достық» өткізу пункттерінде мемлекеттік кірістер органдары мен ұлттық теміржол тасымалдаушысының ақпараттық жүйелерінің интеграциясына тестілеу жүргізілуде.

Бұл шаралар кедендік рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған.

 

 

Электрондық кезек жүйесі жетілдірілуде

 

Шекарадағы кептелістер мен күтулер тасымалдаушылардың шекарадағы жағдай туралы, оның ішінде өткізу пункттерінің кептелісі туралы ақпараттың болмауына байланысты орын алады.

Мұндай жағдай әлемнің көптеген елдерінде орын алады және мұндай фактілерді болдырмау үшін жекелеген елдер өз шекараларында электрондық кезекті енгізеді, өйткені электрондық кезек жүйесі тауарлар мен көліктердің қозғалысын реттеуге және ашықтықты қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Бүгінгі таңда Беларусь Республикасы мен Балтық елдерінің оң тәжірибесі бар, оларда кезекті брондау жүйесі бұрыннан енгізілген.

Мәселен, үшінші елдермен Мемлекеттік шекарадағы 10 автомобиль өткізу пунктінде барлық тасымалдау процесінің ашықтығын қамтамасыз ететін электрондық кезек жүйесі енгізілді. Кезекпен барлық ықтимал манипуляциялар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері алынып тасталды. Нақты кезекте тұрып, күту де алынып тасталды.

Ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып, автокөлік құралдарын өткізуді регламенттейтін бірқатар НҚА қолданысқа енді. Бұрын қолданылған уақытша схемалар өз күшін жойды.

Жалпы алғанда, электрондық кезек тұжырымдамасы электрондық деректер базасын (17 интеграция) пайдалана отырып, форматтық-логикалық бақылаулардың барынша көп санын көздейді, тасымалдау процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу мақсатында «1414» ақпараттық сервисі арқылы смс-хабарлама бар.

Бүгінгі таңда 27 мыңнан астам пайдаланушылар электрондық кезекті пайдаланды, 89 мыңға жуық автокөлік құралдары жүрді.

Техникалық және әдіснамалық мәселелерді жедел түсіндіру үшін арнайы жеделхат-чат жұмыс істейді, онда 7,5 мыңнан астам қатысушылар тіркелген (тәулік бойы). Пайдаланушылар сұрақтар туындаған жағдайда осы чат арқылы техқолдау қызметінің иесіздендірілген әкімшілеріне жүгінеді, бұл «адам факторын» және лауазымды тұлғалармен тікелей байланысты болдырмайды.

Сіз қазір экранда жеделхат чатының атауын көресіз.

Электрондық кезек жүйесінің функционалдығы бір орында тұрмайды және үнемі жетілдіріліп отырады. Барлық брондау мониторингі және осындай бұзушылықтарға жол берген пайдаланушыларды уақытша бұғаттау тұрақты негізде жүргізіледі.

Мұндай схемаларды анықтау бойынша ақпараттың негізгі көзі адал тасымалдаушылар болып табылады, олар жеделхат-чат арқылы осындай схемалар туралы хабарлайды.

Мысалы, а.ж. басында бірнеше шот құрған және өзін бірнеше шетелдік компаниялардың өкілі деп жариялаған адал емес пайдаланушы алаяқтық әрекеттердің белгілерімен пайдаланушы келісімін бірнеше рет бұзды.

Электрондық кезектің цифрлық слоттарын негізсіз алу жөніндегі заңсыз әрекеттердің және пайдаланушылардың брондау үшін бос орындардың жоқтығына шағымдарының жолын кесу мақсатында есептік жазба бұғатталды.

Бұл ретте, тіпті айқын бұзушылықтар болса да, құқық қорғау және сот органдарына шағым берілді. Сот пайдаланушының өзі енгізілген деректерді қасақана бұрмалап, электронды кезекті «жалған машиналармен» бітеп тастағанын анықтады.

Электрондық кезек жүйесі шекарада көліктің жиналуына байланысты жағдайды реттеудің негізгі құралы болып табылатынын атап өтеміз.

Цифрландырудың осындай әдістерін енгізу тауар айналымы мен транзиттік әлеуетті дамытуға оң әсер етті, сондай-ақ тұтастай алғанда қолайлы бизнес-орта қалыптастырады.

 

Қазақстандық өткізу пункттерде шетелдік рұқсат бланкілері берілуде

 

 Сонымен қатар, ҚХР-мен шекарадағы «CargoAlem» электрондық кезек жүйесінің модулі негізінде ҚХР рұқсаттарының шетелдік бланкілерін (КАТ-тер немесе «рұқсат беру») беру автоматтандырылды, бұл адами факторды алып тастауға және тікелей өткізу пункттерінде шетелдік рұқсат бланкілерін алуға мүмкіндік берді.

Бұл жоба «пилот» режимінде 2024 жылдың наурызына дейін және тек Қытайға тасымалдауға қатысты басталды.

Шетелдік рұқсат бланкі немесе халық айтқандай «рұқсат», бұл тасымалдаушыларға жүктерді шетел мемлекеттердің аумақтары арқылы тасымалдауға мүмкіндік беретін құжат.

Бұрын компанияға осындай бланкаларды алу үшін уәкілетті органға тікелей баруға және жүгінуге тура келетін еді, қазір рұқсаттарды тікелей шекараны кесіп өткен кезде алуға болады. Бұл тасымалдаушыларға уақытты және қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда шетелдік рұқсат бланкілерін беру өткізу пункттерінде
1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріндегі алымды төлеу арқылы жүзеге асырылады.

Бұрын көтерілген бағамен заңсыз қайта сату фактілері болған, яғни бір бланктің құны 2 мың АҚШ долларына дейін жеткен.

Пилоттық жоба іске қосылған сәттен бастап ағымдағы жылдың
26 сәуірінде 21 мыңнан астам шетелдік рұқсат бланкілері берілді.

«Рұқсаттарды» электронды түрде беруді енгізу – Мемлекеттік кірістер комитеті мен ҚР ИИДМ Көлік комитетінің бірлескен жобасы.

Осы іс-шараларға мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінбегенін атап өтеміз.

 

 

«Бір терезе»  қағидаты сақталды

 

 Цифрландыру шеңберінде Мемлекеттік кірістер комитеті қолданыстағы ақпараттық жүйелерді модификациялау бойынша тұрақты негізде белсенді жұмыстарды жүргізуде.

Мысалы, рұқсат құжаттарын және кедендік мемлекеттік қызметтерді алу бойынша «Бір терезеде» бар функционалға қосымша, биыл біз уәкілетті органдармен бірлесіп, тауарларды кедендік тазартуда қолданылатын, Бағалы металдарға арналған мемлекеттік бақылау актілерін (ҚР ИИДМ ҚДБ) және Көлік құралдары конструкцияларының қауіпсіздігі туралы куәліктерді – КҚКҚК (ҚР ИИДМ ТРМК) электронды түрде беру автоматтандырылды.

«Бір терезеде» автоматтандыру өтініш берушілерге көлік құралдары конструкцияларының қауіпсіздігі туралы куәліктерді алғаннан кейін бірден көлік құралдарын рәсімдеуге мүмкіндік берді, соның есебінен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларының көлік құралдарын уақытша сақтау орындарына орналастыруға жұмсаған шығындары қысқартылды.

 

 

Кедендік статистикадағы алшақтық азайды

 

 Комитет жоспарының басым міндеттерінің бірі ҚХР-мен айна статистикасындағы сәйкессіздіктерді қысқарту болып табылады.

ҚХР экспорты мен ҚР импорты арасындағы статистиканың алшақтығы 2017 жылдан бастап 2 есеге жуық 32,7%-ге дейін төмендеді (2017- 59,4%, 2018г. - 52,5%, 2019г. - 47%, 2020г. - 45,5%, 2021г. - 40,5%, 2022г. - 32,9%, 5 м. 2023г. - 32,7%).

 

 

«е-Salyq Azamat» қосымшасында жолаушылар кедендік декларациясын тапсыруға болады

 

 3 жылдық үзілістен кейін ағымдағы жылдың 24 сәуірінен бастап бизнес-процесті оңтайландырумен «Қорғас» ШХЫО қызметі қайта жанданды. Пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда жеке тұлғалардың өту процедурасы айтарлықтай реттелген.

Жеке тұлғалар үшін жолаушылар кедендік декларациясын мобильді қосымша арқылы беру мүмкіндігі іске асырылды.

Бұған дейін жеке тұлғаға жолаушылар кедендік декларациясын өз бетінше тапсыру үшін мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну қажет болатын.

Енді, 2023 жылғы 20 наурыздан бастап жеке тұлға өзінің орналасқан жеріне қарамастан, «е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында жолаушылар кедендік декларациясын тапсыра алады.

Жолаушылар кедендік декларациясы халықаралық пошта жөнелтімдері арқылы жіберілетін және тасымалдаушылар (экспресс – тасымалдаушылар) жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларға, сондай-ақ жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, ақшалай қаражатқа/құралдарға рәсімделеді.

Нәтижесінде тасымалдаушылар (экспресс-тасымалдаушылар) жеткізетін, халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау рәсімін едәуір жеделдетуге және жеңілдетуге, сондай-ақ ақша қаражаттары мен ақша құралдарын декларациялауға қол жеткізілді.

 

 

 

 

 

Өткізу пункттері жаңғыртылуда

 

 Біздің басым мақсаттарымыздың бірі ЕАЭО кедендік шекарасында орналасқан өткізу пункттерінің инфрақұрылымдық міндеттерін шешу болып табылады.

Өткен жылдан бастап барлық 10 өткізу пункті бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.

Өзбек тарапының келісімі бойынша «Қапланбек» (ҚР) және «Зангиота» (ӨзР) автомобиль өткізу пункттері реконструкциялауға толығымен жабылды.

Қалған өткізу пункттерін қайта жаңарту жабылусыз жүргізіледі, бірақ автокөлік пен жеке тұлғалардың қозғалысы шектеле отырып, барлық өткізу пункттерін қайта жаңартуды 2024 жылдың соңында аяқтау жоспарлануда.

Жобаны іске асыру шеңберінде өткізу қабілетін 8 есеге дейін ұлғайту (тәулігіне 1000-нан 8400 КҚ-ға дейін), уақытты қысқарту (2 сағаттан 25 минутқа дейін) және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту болады.

Өткізу пункттерін жаңғырту аяқталғаннан кейін өткізу пункттерінің барлық инфрақұрылымдық мәселелері шешіледі, шекарадан ыңғайлы өту және бақылауды жеделдетіп жүргізу үшін барлық жағдайлар жасалады.

 

 

Кедендік төлемдер мен салықтардың түсімі 21% өсті

 

 Тауар айналымын ұлғайту және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 2023 жылдың
1-жартыжылдығында ЕАЭО елдері арасында бөлінгеннен кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне кедендік төлемдер мен салықтардың көлемі 1,9 трлн. теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21%-ға артық (1,6 трлн. теңге), оның ішінде импортқа арналған ҚҚС 890 млрд. теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 71%-ға өсті (519 млрд. теңге).

Кедендік әкімшілендіру нәтижелері бойынша 2023 жылдың
1-жартыжылдығында 2022 жылдың 1-жартыжылдығына қарағанда кеден заңнамасының бұзушылықтары 38%-ға артық анықталды.

 Анықтама: 2023 жылдың 1-жартыжылдығында – 66,7 млрд теңге, 2022 жылдың 1-жартыжылдығына – 48 млрд теңге.