Date of publication: 02.12.2016 17:18
Date of changing: 02.12.2016 17:19

  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған, салтанатты іс-шара өтті.     

      Департамент басшысының м.а. Т.Д.Қабдөшев салтанатты кешті ашып,  Елбасының ақылы  мен  салиқалы саясатының арқасында,  халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына, жалпы өркендеуге және Қазақстан беделінің өсуіне- алқа қойған мақсатқа нық қадамммен келеміз деп атап өтті.    Демократиялық, саяси және экономикалық өзгерістердің табысты іске асырылып жатқандығының куәсі- әлемдік қоғамдастықтың кең тануы болып табылады. 

«Ұлт көшбасшысы» тақырыбына  ардагерлер кеңесінің атынан  қаржы полиция органы ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Дәулиұлы Бекмұхаметов  баяндама жасады.     

 1 желтоқсан-   Тұңғыш Президенті күні деп бекітіліп және оны мемлекеттік мереке деп атап, Қазақстан  Республикасы Парламентінің Сенаты 2011 жылғы 10 желтоқсанда «Қазақстан  Республикасының мерекелері туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты, Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президенті күні  аталып өтеді.

1 желтоқсан-   Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті сайлауда  барлық қазақстандықтардың сенімін  алған  күн.Қазақстанның барша халқы оған жоғары жауапкершілікті артқанын түсініп, Ұлт көшбасшысы өзінің азаматтық және президенттік борышын абыроймен орындайды.

Өздігімен дамыған еліміздің  екі он жылдығында гүлденуі үшін көп  еңбек жасаған,  Отанымыздың қайнар  бастауында Нұрсұлтан Назарбаев тұрды,  Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президенті күнін құру туралы шешім Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық қарсаңында қабылданды.

     1 желтоқсан- ресми күн деп атап,    Марат Дәулиұлы Бекмұхаметов   атап  өтті.

     Қазіргі таңда Тұңғыш Президент- бұл қандай да бір қиындықтарды жеңген  қазақстандықтардың жеңісінің  символы.  Қазақстанның әр азаматының жүрегіне  сенімді ұялатуға, тудыруға және жеңіс рухына  болашақ буынды бағыттау  үшін Түңғыш Президент күнін атап өту қажет.

 Салтанатты жиын соңында,  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын,  сондай-ақ Теңге- ұлттық валюта  күнін атап өтуге орай, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Құрмет грамотасымен Талдау және тәуекелдер басқармасы тәуекелдер бөлімінің басшысы Динара Серікпайқызы Жұманова марапатталды