Date of publication: 18.10.2016 18:31
Date of changing: 18.10.2016 18:32

2016 жылғы 14 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен «Оңалту және банкроттықтың жаңа механизмдерін іске асырған кезде өзекті/ келелі мәселелер» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

   СҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Т.Д.Қабдөшев, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ж.К.Кенжебаева, Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған аудан аралық экономкалық сотының судьялары мен төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының, СҚО бойынша МКД және Петропавл қ.  өкілдері, әкімшілер іс-шараға қатысты.      

Кездесу барысында банкроттық рәсімдегі «бейбітшілік келісім» жасау, «төлеуге қабілетсіздікті реттеу  процедурасы» банкроттықтан оңалтуға ауысу және басқалары секілді  оңалту және банкроттық туралы заңнамаға аға енгізілген жаңашылдықтар талқыланды. 

Осы жаңашылдықтар бес институциалдық реформаларды іске асыру бойынша  Ұлт жоспары- 100 нақты қадамды іске асыруға және бизнесті максималды сақтауды, жұмыс орындары мен салық салу базасын қамтамасыз етуге, оңалту және банкроттық рәсімдер жүргізу мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік беретін, оңалту және банкроттық рәсімдерді жетілдіруге  бағытталған. 

Бұдан басқа, дәрменсіз  борышкердің мүлігінің қолда бары туралы, кәсіпорынның борыштары бойынша субсидиарлық жауапкершілікке борышкердің лауазымды тұлғасын тарту туралы келелі мәселелер, қасақана және жалған банкроттық мәселелерді, уақытша әкімшінің және басқ. ұсынысы талқыланды.  

Дөңгелек үстел соңында, қатысушылар өткізген іс-шара үшін мамандандырылған аудан аралық экономкалық сотының  судьяларына алғыстарын білдірді, тұрақты  негізде осындай кездесулер жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылдады.