Жарияланған күні: 21.07.2022 17:28
Өзгертілген күні: 21.07.2022 17:29

20.07.2022 ж. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментімен және Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі С.М. Серікбаевпен бірлесіп, жергілікті атқарушы органдармен және аумақтық департаменттермен жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияны уақтылы ұсыну және толтыру тәртібі мәселелері бойынша бейне-конференция өткізді  (270.00 н.).