Жарияланған күні: 14.09.2023 20:20
Өзгертілген күні: 14.09.2023 20:20

          Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2023 жылғы 1 қазанда жылжымайтын мүлік және жер учаскелері иелерінің 2022 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын еске салады.

          Қазақстан Республикасының аумағында салық салу объектілері: тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар және оларға меншік құқығымен тиесілі өзге де құрылыстар, құрылыстар, үй-жайлар, жер учаскелері бар жеке тұлғалардың мүлкіне салық төлеушілер болып табылады.

          Шілде айынан бастап аумақтық мемлекеттік кірістер органдары салық сомасы туралы хабарламаны таратады.

          Бұдан басқа, алдағы төлемдер туралы мәліметтер "Каспий банкі" АҚ және "Қазақстан Халық Банкі" АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарламалар түрінде жіберілді.

          2022 жыл ішінде мүлікті иеліктен шығарған жағдайда жеке тұлғада осы объектіні иеленудің нақты айларының саны үшін салық төлеу бойынша міндеттемелер сақталатынын атап өткен жөн.

          Егер сіз қандай да бір себептермен есептелген салық сомалары туралы хабарлама алмаған болсаңыз (мысалы, басқа қалада тұрсаңыз), онда салық төлеуші мүліктің орналасқан жері бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінуі немесе 1414 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалуы қажет .

          "E-salyq Azamat" мобильдік қосымшасының "алдағы төлемдер" сервисінде, сондай-ақ Kaspi және Halyk банктерінің мобильдік қосымшаларында дайын деректемелер бойынша төлем жүргізу мүмкіндігімен есептелген мүлік салығының сомаларын өз бетінше білуге болады.

          Жеке тұлғалар салықтарды басқа тәсілдермен де төлей алады: пошта бөлімшелерінде және екінші деңгейдегі банктерде немесе төлем терминалдарында қолма-қол ақшамен; банкоматтардағы және төлем терминалдарындағы банк карталарының көмегімен.

          Сонымен қатар, қазіргі уақытта 5 мыңнан астам Солтүстік қазақстандықтың өткен кезеңдерде мүлік салығы бойынша 10 млн. теңге сомасында берешегі бар.

          Берешек сомасы 1 АЕК-тен асатын борышкерлердің тізімі (3 450 теңге сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жіберілді.

          Берешекті өндіріп алу мақсатында жеке сот орындаушылары борышкерлерге қатысты алынған материалдар бойынша мынадай шараларды қолданады:

          тіркеу әрекеттерін шектеу;

          салық төлеушінің мүлкіне тыйым салу;

          банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру.

          Сондай ақ берешек сомасы тең немесе одан жоғары болған кезде

40 (қырық еселенген) айлық есептік көрсеткіш ҚР-дан шығуға тыйым салынуы мүмкін.

          Бұл ретте борышкер салықтар бойынша берешекті төлегеннен кейін сот орындаушыларының қызметтеріне өндіріп алынған соманың 25 пайызына дейінгі мөлшерде төлеуге міндетті.

          Осыған байланысты берешектің жоқтығына көз жеткізуді ұсынамыз.

          Салықтар бойынша берешектің болуы/болмауы туралы мәліметтерді E-Salyq Azamat мобильді қосымшасының көмегімен немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында тексеруге болады www.kgd.gov.kz "Электрондық сервистер" бөлімінде (салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер). Ол үшін ЖСН енгізу жеткілікті.

          Бұл сервис бүкіл республика бойынша ақпаратты көрсетеді.