Жарияланған күні: 21.07.2023 16:02
Өзгертілген күні: 21.07.2023 16:04

Баспасөз-хабарламасы

3 наурыздан бастап азаматтардан банкроттыққа өтініштер қабылдау басталды 60 мыңға жуық өтініш берілді, оның 80% - дан астамы бас тартылды, 9 мыңнан астам азаматқа қатысты рәсімдер басталды.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2023 жылғы  14.07. жағдай бойынша 814 өтініш түсті. Ең көп саны Петропавл қаласына тиесілі – 457-ден астам өтініш, сондай-ақ Қызылжар (73), Айыртау (61), Мүсірепов (40) аудандары бойынша.

«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Заңның талаптарына сәйкес 15 жұмыс күн ішінде мемлекеттік кіріс органдары азаматтың келесі шарттарға сәйкестігіне тексеру жүргізеді:

  1. Банктер, микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) және/немесе коллекторлық агенттіктер алдындағы борыш 5,5 млн. теңгеден (1600 АЕК) аспауға тиіс;
  2. Қарыздарды төлемеу мерзімі 12 айдан асуы керек;
  3. Мүлігі жоқ, оның ішінде некеде бірге пайда болған мүлік (автокөлік, пәтер, үй, учаске, банктегі депозит және т. б.);
  4. Қарыздар бойынша банктермен және МҚҰ-мен реттеу рәсімі жүргізілді.

         Көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестігін тексеру тіркеуші мемлекеттік органдардың, банктердің және кредиттік бюролардың электрондық дерекқорларымен салыстыру жолымен автоматты режимде жүргізіледі.

          Алдын ала мәліметтер бойынша, жекелеген азаматтар келесі себептер бойынша банкроттыққа үміткер бола алмайтындығы анықталды:

           - 12 ай ішінде қарызды ішінара өтеу бар;

           - Борышкердің немесе оның жұбайының мүлкі бар;

           - Банкпен немесе МҚҰ-мен борышты реттеу туралы құжат жоқ;

           - Жеке кәсіпкерлікті тіркеудің болуы;

           - 6 айдан аз кезеңде АӘК алу.

        Бұл азаматтарға телефонға 1414 сервисі арқылы соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тарту туралы хабарлама жіберілетін болады.

        Мұндай хабарлама алынған жағдайда, соттан тыс банкроттық критерийлеріне сәйкес болған кезде 3 айдан кейін қайта өтініш беруге болады.

         Бас тарту себептерін жою үшін тиісті уәкілетті органға жүгіну қажет:

         1. Мүліктің болуы туралы, заңды тұлғаларға қатысу туралы – әділет органдарына (ХҚКО, Электрондық Үкімет порталы);

         2. Жер учаскелері, ауыл шаруашылығы жануарлары және арнайы техника туралы-жергілікті әкімдікке.

         3. Автокөлік бойынша-ішкі істер бөлімдерінің аумақтық бөлімшелеріне немесе мамандандырылған ХҚКО-ларға (бар болса);

          4. Жеке кәсіпкерліктің болуы туралы – аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына;

         5. Несие сомасы, өтеу мерзімі туралы-тиісті банкке, МҚҰ-ға немесе коллекторлық ұйымға. Егер банк немесе МҚҰ немесе коллекторлық агенттік тиісті құжат бермесе азаматтар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өңірлік бөлімшесіне жүгіне алады.

          Егер борышкерге мүліктің болуы себебінен соттан тыс банкроттықтан бас тартылса, ол тұрғылықты жері бойынша аудандық сотқа төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін немесе сот банкроттығын қолдануға өтініш беруге құқылы (Заңның 6, 20-22-баптары).