Жарияланған күні: 31.10.2023 20:59
Өзгертілген күні: 31.10.2023 21:00

 

 

Банкроттық туралы заңнамаға енгізілуге жоспарланған өзгерістермен ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясы барысында бөлісті.

Жекелеген борышкерлер кейбір заңнамалық кедергілердің салдарынан банкроттық рәсімін кеңінен қолдана алмай отыр (кредитормен қарызды алдын-ала реттеу міндеттілігі, шетелге шығуға тыйым және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі кезінде ұзақ уақытқа төлем мерзімінің өтуіне байланысты). Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың дерекқорларындағы мәліметтердің өзектілігінің болмауына байланысты (дерекқорлардағы мәліметтердің толықтығы мен «тазалығы» үшін жауапты олардың иелері – мемлекеттік органдар болады) қолдана алмау фактілері де бар.

Осыған байланысты бүгінгі таңда заңнамалық өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде:

  1. соттан тыс банкроттыққа жататын қаржы ұйымдарының тізбесін кеңейту (сондай-ақ уәкілетті органның лицензияларынан айырылған, оның ішінде таратылған қаржы ұйымдарының міндеттемелерін қосу);
  2. азаматтарды соттан тыс банкроттықты қолдану туралы өтінішке қосымша құжаттарды қоса беру міндетінен босату (қажетті мәліметтерді тиісті ұйымдардың дерекқорынан алу жоспарлануда);
  3.  төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары бекітілгеннен кейін борышкердің шетелге шығуына тыйымды алып тастау (қолданыстағы нормаларға сәйкес тыйым жоспарды орындаудың барлық кезеңіне – 5 жылға белгіленген).