Жарияланған күні: 05.07.2023 23:46
Өзгертілген күні: 05.07.2023 23:47

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 2 кезеңі басталды, оның шеңберінде декларацияны мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен олардың жұбайлары (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т.б. салаларын қоса алғанда), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайлары тапсырады.

                                                   

Ұсыну мерзімі: қағаз жеткізгіште 15 шілдеден кешіктірмей, электрондық нысанда 15 қыркүйектен кешіктірмей.

 

Декларация тұрғылықты жері бойынша тапсырылады, жүйеге кірген кезде 250.00 нысаны, кейін 270.00 нысан ұсынылады.

 

Сонымен қатар, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалар мен олардың жұбайларының, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайларының басшылары мен құрылтайшылары үшін декларациялаудың 3 кезеңі енгізілуде.

 

Ал 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - азаматтардың қалған санаттары үшін декларациялаудың 4 кезеңі басталады.