Жарияланған күні: 15.12.2022 21:51
Өзгертілген күні: 15.12.2022 21:53

 

 

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Үздік салық төлеуші» және «Үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушы» номинанттарын марапаттауға арналған жыл сайынғы іс-шара өткізілді.

  Іс-шараның негізгі мақсаты мемлекеттік билік органдарының кәсіпкерлік субъектілерімен әріптестік қатынастарды қолдау болып табылады.

  2021 жылдың қорытындысы бойынша Үздік салық төлеушілерді анықтау үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің арнайы құрылған комиссиясы 20 номинация бойынша ұсынылған кандидаттар бойынша талдау жүргізді.

Талдау барысында шаруа қожалықтарының қызметінен бастап облысымыздың ірі компанияларына дейінгі барлық қызмет түрлері қамтылды.

            Бірінші кезекте бюджетке түскен салықтардың көлемі, салық жүктемесінің коэффициенті, заңнама талаптарын бұзу және әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілерінің болмауы, салық берешектерінің болмауы ескерілді.

Нәтижесінде 9 номинация бойынша облыстың үздік салық төлеушілері бөлінді.

1.  «Мониторингте тұрған ірі салық төлеуші» номинациясы бойынша  «СевКазЭнерго» АҚ 2021 жылғы «Үздік салық төлеуші» болып танылды.

ЖШС басшысы  Перфилов Олег Владимирович.

 

2. «Жалпы белгіленген салық салу режимі – сауда»  номинациялары бойынша  2021 жылдың «Үздік салық төлеуші» «Норд-Агрохим» ЖШС болып танылды

ЖШС басшысы Константин Александрович Шабаев.

 

3. «Жалпы белгіленген салық салу режимі – өндіріс «номинациясында» Көкше Техстрой ЖШС 2021 жылғы «Үздік салық төлеуші» болып танылды

ЖШС басшысы Сабырбаева Нұрсұлу Сұлтанханқызы.

 

4. «Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнайы салық режимі» номинациясы бойынша «Жолдасбай-Агро» фермер қожалығы 2021 жылғы «Үздік салық төлеуші» болып танылды.

Шаруашылық басшысы Жолдасбаев Суиндик Қайырбекұлы.

 

5. «Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы» номинациясында бойынша 2021 жылдың «Үздік салық төлеуші» болып «Фирма Алекри» ЖШС танылды.

Серіктестіктің басшысы Прядко Александр Федорович.

 

6. «Жалпы белгіленген салық салу режимі – құрылыс» номинациялары бойынша  2021 жылдың «Үздік салық төлеуші»  болып «Лира» ЖШС танылды.

ЖШС басшысы Андрей Александрович Радченко.

 

 

7. «Жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимі – байланыс және көлік»  номинациясында  2021 жылдың қортындысы бойынша «Үздік салық төлеуші» болып «Элеватор Смирновский» ЖШС танылды

ЖШС басшысы-Утесинов есен Өтесінұлы.

 

8. «Салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимі – қызметтер» номинациясында  2021 жылдың қортындысы бойынша «Үздік салық төлеуші» болып «Қамқор» Солтүстік Қазақстан облыстық мүгедектер қоғамы танылды.

Бірлестіктің басшысы Константин Владиславович Демьянов.

 

9. «Шаруа және фермер қожалықтары үшін арнайы салық режимі» номинациясында 2021 жылдың қортындысы бойынша  «Мария» шаруа қожалығы «Үздік салық төлеуші»  болып танылды.

ШҚ басшысы Шкодина Любовь Александровна.

 

       Осы номинациялардың барлық жеңімпаздарына құрмет грамоталары берілді.

 

    Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!!! Бизнестің одан әрі дамуына және өркендеуіне тілектеспіз.