Жарияланған күні: 11.09.2023 20:33
Өзгертілген күні: 11.09.2023 20:34

 

   Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және ұжымдарда қолайлы жағдайлар қалыптастыру үшін іс-шаралар жоспарының 9-тармағын орындау мақсатында Департамент ғимаратында үстел ойындарының бұрышы (тоғыз құмалақ, шахмат және дойбы) ұйымдастырылды.

Қызметкерлер жұмыстан бос уақытын логиканы, аналитикалық, болжамдық және шығармашылық қабілеттерді, абстрактілі ойлау мен есте сақтауды, ойлау жылдамдығы мен шоғырлануды бір уақытта дамытуға мүмкіндік беретін интеллектуалды ойындар ойнаумен қуана-қуана өткізеді.