Жарияланған күні: 22.07.2022 17:48
Өзгертілген күні: 22.07.2022 17:51

«Үш компонентті интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығымен бекітілген.

Үш компонентті интеграцияланған жүйе (бұдан әрі-ҮИЖ)-деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш компоненттін алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе.

ҮИЖ пайдалану үшін не қажет?

Біріншісі-ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтына сілтеме бойынша кіру
http://kgd.gov.kz/ru/content/edinyy-reestr-trehkomponentnyh-integrirovannyh-sistem-1 және ҮИЖ моделін таңдау.

Екіншісі- ҮИЖ орнату үшін ҮИЖ әзірлеушісімен байланысу.

Үшіншісі-салық төлеушінің кабинетіне кіріп, ҮИЖ-ді Мемлекеттік кірістер органдарында тіркеуді жүргізу.

Оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын барлық жеке кәсіпкерлерді ҮИЖ қолдануға және ҮИЖ қолданудың артықшылықтарын пайдалануға шақырамыз.
Қазіргі уақытта ҮИЖ тізіліміне 3 модель енгізілді (Trinity, Trinity 1.2 және Prosklad.kz).

ҮИЖ бірыңғай тізілімі Комитеттің сайтында http://kgd.gov.kz сілтеме бойынша ҮИЖ кіші бөлімінде орналастырылған.