Жарияланған күні: 30.10.2018 14:51
Өзгертілген күні: 30.10.2018 14:57

Цифрландыру біздің өміріміздің барлық салаларына енді және халықтың өмір сүру сапасын арттырудың негізгі факторларының бірі болып табылады. Интернет, әлеуметтік желілер және үрдістерді автоматтандыру сияқты маңызды факторлар қоғамның дамуының қарапайым үлгілерін өзгертеді.

Бүгін, ақпараттық технологиялар дәуірінде ұялы телефон бойынша, сондай-ақ мобильді қосымшалар («Салық төлеушінің кабинеті», egov.kz, mgov.kz), екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары (post.kz, kaspi.kz, homebank.kz және басқалар) арқылы салық төлеуіңізге болады.

Азаматтарға қолайлы болу үшін және кезекке тұрмау үшін 2018 жылғы 1 тамыздан бастап, авторизациялаудың және электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қоюдың қажетінсіз, «электронды үкімет» веб-порталында (еGov.kz) барлық салықтарды және бюджетке төленетін міндетті төлемдерді төлеу мүмкіндігі туындады. Ол үшін  «Салық және қаржы» - «Төлемдер» - «Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» бөліміне өтіп, «Онлайн төлеуге» басу арқылы қызметке тапсырыс беру қажет. Салық төлеушінің ЖСН/БСН,  мемлекеттік кірістер органының атауын, төлем сомасын, бюджеттік жіктеу кодын  енгізгеннен кейін, жүйе автоматты түрде салық төлеу бөліміне ауысуды ұсынады. Толық рәсім аяқталғаннан кейін, төлеу фактісін растайтын электрондық чек ұсынылатын болады. Жеңіл және ыңғайлы!

Бұдан басқа, салық төлеуші жеке тұлға ретінде авторлануға  және  заңды тұлғаның салықтарын ЖСН деректерін толтыру арқылы төлеуге немесе керісінше мүмкіндігі бар.

Егер бұрын бұл қолжетімділік жеке тұлғалар үшін салықтың тек үш түрін: мүлік салығын, көлік салығын, жер салығын төлеуге ғана қатысты болса, бүгінгі күні салық пен кеден баждарының 18 түрін төлеуге қол жетімді.     

         Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді банкоматтар немесе басқа электронды құрылғылар арқылы төлеген кезде салық төлеушінің салық міндеттемесін орындау мерзімі осындай төлемнің мерзімі деп саналатынын атап кеткен жөн. Банк шотынан ақшаны есептен шығару күнін және салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу күнін қоспағанда, банкоматтар немесе басқа электронды құрылғылар арқылы төлем жасау кезінде салық төлеушінің жеке шотына өсімпұл есептеу кезінде осы төлемнің күні ескеріледі.

         Сондай-ақ, мемлекеттік кірістер органдарының басқа мемлекеттік органдармен, екінші деңгейдегі банктермен электронды өзара іс-қимылын жүзеге асыруға байланысты азаматтардың салық берешегінің болуы немесе болмауы, тіркеу жазбаларының болуы және т.б. туралы ақпарат беру қажеттілігі алынып тасталды. Бұдан басқа, ҚР ҚМ Қазынашылық комитетімен артық төленген немесе қате төленген салық пен төлемдерді есепке жатқызылу және қайтарудың жүргізілуін автоматтандыру бойынша өзара іс-қимыл орнатылды, ол азаматтардың өтініштерін орындау процесін жылдамдатады.

         Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін одан әрі жұмыстар жүргізіледі, және көрсеткіштерімізді біртіндеп жақсарту жолымен салық төлеушілердің сенімі мен мемлекеттік кірістер органдарының беделін арттырамыз.

 

 

Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаменті