Жарияланған күні: 07.08.2018 14:47
Өзгертілген күні: 07.08.2018 14:50

Уәкілетті ұйымдар, сондай-ақ :

      1) ұтыссыз ойын автоматтарын;

      2) ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютерлерді;

      3) ойын жолдарын (боулинг (кегельбан);

      4) карттарды (картинг);

      5) бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар тіркелген салықты төлеушілер болып табылады.

     2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қызмет айырбастау пункттерін қызмет түріне енгізілген   (салық салу объектісі - айырбастау пункті).

Тіркелген салықтың   ең төменгі және ең жоғары базалық ставкаларының   мөлшері  айына салық салу бірлігі үшін 1-ден 100-ге дейін АЕК құрайды.

      Тіркелген салық үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.  

      Тіркелген салықты есептеу әрбір салық салу объектісіне тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі.

       Салық салу объектілері айдың 15-күнін қоса алғанға дейін пайдалануға берілген кезде тіркелген салық – белгіленген мөлшерлеме бойынша, 15-күнінен кейін белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде есептеледі.

       Салық салу объектiлерi айдың 15-күнін қоса алғанға дейін шығып қалған кезде тiркелген салық – белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде, 15-күнінен кейін белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі.

       Тіркелген салық есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-күнін кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша бюджетке төленуге жатады.

       Кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде тіркелген салықты төлеушілер қызметтің осындай түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті.

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап тіркелген салық күшін жояды.