Жарияланған күні: 01.12.2022 15:26
Өзгертілген күні: 01.12.2022 15:27

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды

Тауарлардың электрондық саудасы бұл бір мезгілде мынадай шарттарды сақтай отырып, ақпараттық технологиялар арқылы интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы жүзеге асырылатын, тауарларды жеке тұлғаларға өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет:
тауарларды өткізу бойынша мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылады;
тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол ақшасыз төлеммен жүргізіледі;
тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеке жеткізу қызметінің болуы немесе жүктерді тасымалдау, курьерлік және (немесе) пошта қызметін жүзеге асыратын тұлғалармен шарттардың болуы.
Интернет-алаң-интернетте орналастырылған, тауарлардың электрондық саудасын ұйымдастыру бойынша делдалдық қызметтер көрсететін ақпараттық жүйе.
Интернет-дүкен-интернетте орналастырылған, өз интернет-ресурсында тауарларды сатуға арналған ақпараттық жүйе.
Сонымен, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін электрондық сауда саласында жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне тұру қажет