Жарияланған күні: 21.07.2022 17:35
Өзгертілген күні: 21.07.2022 17:36

Қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдары кеден саласында 17 қызмет көрсетеді, оның 94% - ы тауарларды кедендік тазарту бойынша қызмет көрсетуге келеді.

Тауарларды кедендік тазарту автоматтандырылған қызмет болып табылады және "Астана - 1" ақпараттық жүйесі арқылы көрсетіледі.

Ақпараттық жүйе тәжірибелік пайдалануға 2018 жылғы сәуірде енгізілді және "жасыл дәліз" жұмысы шеңберінде тауарларды, оның ішінде мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының қатысуынсыз автоматты түрде шығаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 "Тайынша" кеден бекетінің қызмет ету аймағында "жасыл дәліз" бойынша өтетін тауарлардың үлесі 99%-ды құрайды.  Автоматтандырудың елеулі көлемі кеден бекеті жұмысының экспортқа бағдарлануымен байланысты.

2022 жылдың 6 айында "Тайынша" кеден бекетінде экспортқа арналған тауарларға 715 декларация рәсімделді. Негізгі көлем бидай, арпа, кебек, зығыр тұқымы, рапс, май, ұн, күнбағыс тұқымдары сияқты тауар түрлеріне тиесілі.

 Үшінші елдерге экспортталатын тауарлардың үлесі облыс экспортының жалпы көлемінің 24%-ын алады немесе 116,5 млн. АҚШ долл.

 Тайынша ауданында "еркін қойма" кедендік рәсімі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын сыртқы экономикалық қызметтің 4 қатысушысы бар. Бұл рәсім ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін шикізатты кедендік төлемдер мен салықтарды төлемей әкелуге мүмкіндік береді және Қазақстан Республикасының аумағында дайын өнімді шығарумен аяқталады. Саланың дамуына байланысты ауданда шикізат импортының көлемі 2021 жылдың 1-ші жартыжылдығымен салыстырғанда 2 есе өсіп, 10,8 млн. АҚШ долл. құрады.

"Тайынша" кеден бекетінің лауазымды тұлғалары сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың кедендік операцияларды жүзеге асыру тәртібін бақылауды жүзеге асырады, тауарларды қарау және тексеру түрінде кедендік бақылау шараларын қабылдайды, уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын ұзарту бойынша жұмыс жүргізіледі, транзиттік операцияларды аяқтау жүзеге асырылады.

   Тауарларды кедендік ресімдеу мәселелері бойынша Тайынша қ., Астана к-сі, 170 орналасқан "Тайынша" кеден бекетіне, тел. 8(715)36-22-430 жүгіну қажет.