Жарияланған күні: 14.12.2022 18:15
Өзгертілген күні: 14.12.2022 18:17

Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар назарына!

Деректерді тіркеу немесе беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (БКМ) қолданатын барлық жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар биыл 31 желтоқсанға дейін барлық тіркелген бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау жөніндегі жұмыстарды аяқтау қажет. Бұл туралы Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті ескертеді.

Сондай-ақ 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап фискалды деректер операторлары (ФДО) 2.0.2-ден басқа хаттамаларға қолдау көрсетуді тоқтатады.

#СҚО#МКД#салықтар#