Жарияланған күні: 10.11.2023 15:45
Өзгертілген күні: 10.11.2023 15:58

1 қарашадан бастап Солтүстік Қазақстан облысының «Бидайық» автокөлікті өткізу пунктінде (бұдан әрі-АӨП) CarGoRuqsat электронды кезегі бойынша пилот іске қосылды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2013 жылғы 30 қарашадағы № 504 бұйрығымен бекітілген адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды автокөлік өткізу пункттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізуді ұйымдастырудың Үлгілік схемасының 7-тармағына сәйкес, өткізу пункттерінде кезекті электрондық брондау жүйелерінің жұмыс істеуі көзделген.

          Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу қағидаларына сәйкес, 2023 жылғы 27 маусымдағы № 707, оның ішінде ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып.

Бұл жаңашылдық өткізу пункттерінде жиналып қалмас үшін шекараға көптеген жүк автокөлік құралдарының біржолғы келуін болдырмауға мүмкіндік береді, сондай-ақ шекара арқылы өту процесінің ашықтығын және АКҚ-ны жедел кесіп өтуін қамтамасыз етеді.

Бұдан басқа, ЕАЭО елдерімен шекарада электрондық кезек жүйесін енгізу өткізу пункттерінде мерзімдік жиналуды болдырмауға және шекарадан өту процесін жүйелеуге мүмкіндік береді.

Пилоттық жоба жұмысының басталуы туралы тасымалдаушылар СҚО бойынша МКД интернет-ресурстарында (22 жарияланым) және автокөлік өткізу пункттерінде ақпаратты орналастыру арқылы алдын ала хабардар етілді.

Пилоттық жобаны іске асыру қағидалары туралы СҚО бойынша МКД қызметкерлерін АӨК-ға оқыту жүргізілді, сондай-ақ ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің СҚО бойынша қызметкерлері хабардар етілді. Техникалық мәселелерді шешуді қамтамасыз ету үшін ақпараттық есеп орталығының қызметкерлері АӨП-ға іссапарға жіберілді.

Пилоттық жобаның жұмысы барысында жекелеген экспорттаушылар CarGoRuqsat-та электрондық кезекті брондау кезінде қиындықтарға тап болады.

Себептер экспорттаушының Көлік инспекциясынан рұқсат құжаттарының болмауы, атап айтқанда: халықаралық тасымалдарға рұқсат карточкалары, тахограф, электрондық кезекті брондау кезінде міндетті болып табылатын сақтандыру полюстерінің болмауы болуы мүмкін.

2023 жылғы 1-10 қараша аралығында CarGoRuqsat-та 174 АКҚ кезегі брондалды, оның ішінде 174 АКҚ шекара арқылы өтті, 10.11.2023 жылға Бидайық АӨП арқылы 24 АКҚ өтуге өтінім берілді.

Құрметті тасымалдаушылар, АӨП-да электрондық кезекті брондау бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, Сіз CarGoRuqsat жеделхат-чатына немесе 87152463625 телефоны бойынша жүгіне аласыз.