Жарияланған күні: 03.10.2017 12:41
Өзгертілген күні: 03.10.2017 12:46

      2017 жылғы 29 қыркүйек  айында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде әдеп  жөніндегі  уәкілетті тұлға  Қарлығаш Серікқызы Шәкенова  «Әдеп кодексін сақтау» тақырыбына қызметкерлермен техниалық оқу өткізді.     

  Уәкілетті тұлға     «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормалары   мен  тәртіп ережесін   одан әрі жетілдіру бойынша шаралар туралы» 2015 жылғы  29 желтоқсан айында №153 Жарлыққа енгізілген, толықтырулар  және өзгерістермен қатысушыларды таныстырды.

 Әдеп  жөніндегі  уәкілетті тұлғаның дербес лауазымы аумақтық  бөлімшелері не ведомстволардың аумақтық бөлімшелері бар, орталық мемлекеттік органдарда, сонымен бірге, астана, республикалық маңызы бар қалаларда, әкім облыстарының аппараттарында  енгізіледі.

 СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  2017 жылғы 17 мамырдағы  №152 бұйрығымен әдеп  жөніндегі  уәкілетті болып  Ұйымдастыру-қаржы басқармасы ұйымдастыру бөлімінің басшысы Қарлығаш Серікқызы Шәкенова   тағайындалған.

      Әдеп  жөніндегі  уәкілетті  тұлғаның негізгі функциялары- әдеп нормалары бұзушылықтарының алдын-алу, әдеп нормаларын қолдану мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілерге кеңес беру, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін  қорғау, ұжымда позитивті моральді- психологиялық  жағдайды қалыптастыру. 

 Одан басқа,  потенциалды мүдделер  тартысы  мен  әдеп сипатындағы  өзге мәселелер болған жағдайда  қызметшілермен  байланыстағы, кез-келген азамат әдеп     жөніндегі  уәкілеттіге кеңес алу үшін жүгіне алады.

Қызмет  әдеп  ережесін мемлекеттік қызметшілермен сақтау жөнінде негізгі   аспектерге,  қызметтік қатынастарда, қызметтен тыс уақыттарда  мемлекеттік қызметшінің тәртіп  стандарттарына  көп көңіл бөлді.  

Мемлекеттік қызметшілердің киім  киісіне қойылатын негізгі талаптар бойынша ұсыныстарды қызметкерлерге жеткізді. Өткен жылмен салыстырғанда әкімшілік жауапкершілікке тартылған қызметшілер санының қысқартылған оң динамикасы барын  айтып өтті.