Жарияланған күні: 29.10.2018 18:24
Өзгертілген күні: 05.12.2018 16:56

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды.

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V Заңына (бұдан әрі - Заң)  2018 жылғы 24 мамырда енгізілген өзгертулерге сәйкес, Заңның  45-бабы мынадай тармақтармен толықтырылды:

1-1. Лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші болып табылатын жеке немесе заңды тұлғаның рұқсат беру органына ерікті түрде өтініш жасауы рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұруға негіз бола алады.

Аталған өзгерістер Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 156-VІ Заңының негізінде 2018 жылғы 07 маусымнан бастап күшіне енді.

Алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудамен сату, сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялардың әрекетін тоқтата тұруға тиісті өтініш беру үшін  Лицензиарға, яғни Мемлекеттік кірістер департаментіне жүгіну қажет екендігін қосымша хабарлаймыз.