Жарияланған күні: 12.03.2024 16:07
Өзгертілген күні: 12.03.2024 16:18

 

      Көлік құралдарына салынатын салық сомасын kgd.gov.kz web-порталында және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында калькулятордың көмегімен дербес есептеуге болады.       Салықты есептеу кезінде 2023 жылы қолданыста болған 3 450 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш пайдаланылады.

    Сонымен қатар, есеп айырысу сальдосын айқындау мақсатында салық органдары жыл сайын тиісті жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты есептейді.

      Салықтың есептелген сомалары бойынша ақпарат 2024 жылғы 15 наурыздан кейін «Каспи банк» АҚ және «Халық банк» АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарламалар түрінде жіберілетін болады.

      Сондай-ақ, салық сомасы туралы ақпарат kgd.gov.kz web-порталда «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» сервисінде, сондай-ақ «e-Salyq Azamat» және «Каспи банк» АҚ және «Халық банк» АҚ екінші деңгейдегі банктерінің мобильді қосымшаларында жіберілетін болады.

     Аталған мобильді қосымшалардың барлық пайдаланушылары көлік құралдарына салынатын салықтың 2023 жылға есептелген сомаларын көреді және оның төлемін жасай алады.

 

Білу керек:

Көлiк құралының меншiк иесi атынан иеліктен шығару құқығымен көлік құралын басқаруға арналған сенімхат негізінде сенім білдірілген болып табылатын жеке тұлғаның салықтық кезең үшін көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады. (Салық кодексінің 494-бабының 5-тармағы)