Жарияланған күні: 22.05.2018 09:23
Өзгертілген күні: 22.05.2018 09:24

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша

қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы

мөлшерлемелері туралы

 

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің                (Салық кодексі) 569, 576-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Күші жойылды деп танылсын:

«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 40/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3577 болып тіркелді, «Солтүстік Қазақстан» және «Северный Казахстан» газеттерінде 2016 жылғы 28 қаңтарда жарияланды);

«Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы мөлшерлемелерiн бекiту туралы» Солтүстiк Қазақстан облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 40/6 шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының  2017 жылғы 28 наурыздағы № 13/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4149 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 27 сәуірде жарияланды).

3. «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы мәслихат шешімін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

2)  осы шешімді мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

3) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

ХХ сессияның төрағасы, 

Солтүстік Қазақстан облыстық

мәслихаттың хатшысы                                               В. Бубенко

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың

2018 жылғы 13 сәуірдегі № 20/17 шешіміне  қосымша

 

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы  бойынша арналған қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері

 

1. Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салықтық кезеңнің бірінші күніне қолданыста болатын еселенген айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде айқындалады.

2. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды: 

 

р/с

Ластаушы заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері

(айлық есептік көрсеткіш)

1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері, (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

4

1.

Күкірт тотықтары 

20

 

2.

Азот тотықтары

20

 

3.

Шаң және күл

10

 

4.

Қорғасын және оның қосындылары

3986

 

5.

Күкіртсутек

124

 

6.

Фенолдар

332

 

7.

Көмірсутектер

0,32

 

8.

Формальдегид

332

 

9.

Көміртегі тотықтары

0,32

 

10.

Метан

0,02

 

11.

Күйе

24

 

12.

Темір тотықтары

30

 

13.

Аммиак

24

 

14.

Алты валентті хром

798

 

15.

Мыс тотықтары

598

 

16.

Бенз(а)пирен

 

996,6

 

3. Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағудан ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

 

№р/с

 

Ластаушы заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

  1.  

Көмірсутектер

44,6

  1.  

Көміртегі тотықтары

14,6

  1.  

Метан

0,8

4.

Күкірт диоксиді

200

5.

Азот диоксиді

200

6.

Күйе

240

7.

Күкіртсутек

1240

8.

Меркаптан

199320

 

            4. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды: 

 

р/с

 

Отын түрлері

Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

  1.  

Этилденбеген бензин үшін

0,66

  1.  

Дизель отыны үшін

0,9

  1.  

Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін

0,48

 

            5. Ластаушы заттарды төккені үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды: 

 

№ р/с

 

Ластаушы заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1.

Нитриттар

1340

2.

Мырыш

2680

3.

Мыс

26804

4.

Оттегіне биологиялық қажеттілік

8

5.

Тұзды аммоний

68

6.

Мұнай өнімдері

536

7.

Нитраттар

2

8.

Жалпы темір

268

9.

Сульфаттар (анион)

0,8

10.

Өлшенген заттар

2

11.

Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар

54

12.

Хлоридтер (анион)

0,2

13.

Алюминий

54

 

            6. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды: 

 

р/с

 

Қалдықтардың түрлері

Төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)

1 тонна үшін

1 гигабеккерель үшін

1

2

3

4

1.

Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін:

 

 

1.1.

Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылғыларының кәріздік тұнбасы)

0,38

 

1.2

Осы тармақтың 1.3-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қауіптілік деңгейі ескеріле отырып, қалдықтар

 

 

1.2.1.

«қызыл» тізім

14

 

1.2.2.

«жақұт» тізім

8

 

1.2.3.

«жасыл» тізім

2

 

1.2.4.

сыныпталмағандар

0,9

 

1.3.

Төлемақы есептелген  кезде белгіленген қауіптілік деңгейі ескерілмейтін  қалдықтар:

 

 

1.3.1.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа):

 

 

1.3.1.1

аршынды жыныстар

0,004

 

1.3.1.2

жанас таужыныстары

0,026

 

1.3.1.3

байыту қалдықтары

0,02

 

1.3.1.4

шлактар, шламдар

0,038

 

1.3.2

Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде  металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар

0,038

 

1.3.3.

күлдер мен күлшлактар

0,66

 

1.3.4.

ауыл шаруашылығы өндірісінің  қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы

0,002

 

2.

Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк):

 

 

2.1.

Трансуранды

 

0,76

2.2.

Альфа-радиоактивті

 

0,38

2.3.

Бета-радиоактивті

 

0,04

2.4.

Шынақты  радиоактивті көздер

 

0,38

 

7. Мұнай операцияларын жүргізу кезінде түзілетін күкіртті орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бір тонна үшін 7,54 айлық есептік көрсеткішті құрайды.