Жарияланған күні: 27.06.2019 18:17
Өзгертілген күні: 27.06.2019 18:18

Пресс-релиз

 

27.06.1.                                                                                                                                                                 Петропавл қ.

 

СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні мерекесі қарсаңында  өңірлік БАҚ өкілдеріне құрмет көрсетіліп, іс-шара өткізілді.     

 Департамент басшысының орынбасары  Руслан Қайыркелдіұлы Рақымберді  кәсіби мерекемен құттықтай отыра, жылы сөздер айтты: 

            Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің еңбегі өте қиын және жауапты, өйткені, сіздердің қолдарыңызда, жер бетіндегі  қуатты қару-сөз бар. Жоғары технологиялар мен ақпарат  уақытында Сіздің еңбегіңіз әлеуметтік сала, экономиканың  дұрыс жұмыс істеуі  және  барлық адамдардың өмірі үшін өмірлік қажетті болып табылады! 

            Журналистерге мемлекеттік орган мен қоғам арасында диалогты құру, толеранттылық  пен келісімді қалыптастыру маңызды миссиясы жатады. 

Біздің өңірдің азаматтары, сіздердің арқалараңызда мемлекеттік кірістер органы қызметі  және біздің жүйеде орын алған, оқиғалар  туралы ақпарат алады. Газет беттерінде өзекті түсіндіру материалдары, салық және кеден заңанамалары бойынша  мақалалар жарияланады, теледидарда біздің сюжеттер, тура эфирлер, сұхбаттар, өткізілетін акциялар, пресс-конференциялар және брифингтар көрсетіледі.    

Бұдан әрі ақпаратты уақытылы және жедел орналастырғаны, көпжылдық жемісті ынтымақтастық үшін Қазақстан Республикасы ҚМ МКК Құрмет грамотасы берді:  

        -   редактор тұлғасында   Жанбота Естаевна Сентава, «Республиканская Телерадиокорпорация «Казахстан» АҚ  Солтүстік Қазақстан облысының филиалына.

Сонымен қатар СҚО бойынша  мемлекеттік кірістер департаментінің атынан алғыс хаттар

- экономика бөлімінің меңгерушісі тұлғасында Қанат Жаңбырбайұлы Атаманов,    «Солтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық- саяси газетіне,

- газеттің шллушысы тұлғасында- Павел Павлович Притолюк,«Северный Казахстан»  облыстық қоғамдық- саяси газетіне.   

-  журналис тұлғасында  Камила Қайратқызы Осипова,  «Первый Северный» телеарнасына;   

Соңында,  алдағы уақытта өзара ынтымақтастық,  іскерлі және сындарлы болады деп, сенім білдірді.  

Жаңа шығармашылық ізденістерді, материалдардың әрдайым өзекті болуын, басылымдар мен телехабарлардың айнымастай өсуін,оқырмандар мен көрермендердің шексіз сенімін,бақыт, құт-берек және денсаулық тіледі.