Жарияланған күні: 16.01.2023 18:22
Өзгертілген күні: 16.01.2023 18:25

 

Кедендік тазарту- кедендік төлемдер мен салықтарды төлей отырып, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағында өткізілетін шетелдік тауарлар туралы мәліметтерді кеден органына беру және осы тауарлардың еркін айналымы үшін кедендік операцияларды жасау.

Кедендік тазарту үшін Еуразиялық экономикалық одақтың құрамына кірмейтін шет мемлекеттердің аумағынан әкелінетін тауар шетелдік тауар деп танылады. ЕАЭО-ға қатысушы елдер-Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Армения Республикасы және Қырғыз Республикасы.

ЕАЭО елдерінен әкелінген автокөлік құралдары ЕАЭО-да тіркелген тауардың мәртебесі бойынша кедендік тазартуға жатпайды.

Автокөлік құралдары үшін ЕАЭО тауарының мәртебесі көлік құралына техникалық паспорттың болуымен расталады.

Ерекшелік Қырғыз Республикасының аумағынан әкелінетін, олар бойынша ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифінің мөлшерлемелеріне сәйкес келмейтін сомада «төмендетілген мөлшерлемелер» бойынша кедендік төлемдер мен салықтар төленген автокөлік құралдары болып табылады. 

ЕАЭО тауарларының мәртебесін алу үшін бұл айырмашылық қосымша төленуі тиіс. Қырғыз Республикасы үшін бұл норма 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Армения аумағынан әкелінген және «төмендетілген мөлшерлемелер» бойынша Кедендік ресімделген автокөлік құралдары кедендік тазартуға жатпайды.

Шетелдік автокөлік құралдарын кедендік тазартуды жүзеге асыру үшін автокөлік құралын иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттарды, көлік құралын сатып алу құнын, оны әкелу шарттарын растайтын құжаттарды, сондай - ақ ЕУРО-4 экологиялық стандартына сәйкестік сертификатын ұсыну қажет.

Жеке тұлғалар үшін кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу кедендік декларациялау тәсілін таңдау негізінде жүргізіледі:

- Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешімімен белгіленген ставкалар бойынша жолаушылар кедендік декларациясы бойынша;

- тыйым салулар мен шектеулерді сақтай отырып, ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленген мөлшерлемелер бойынша тауарларға арналған декларация бойынша жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен.

Кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу үшін тауардың кедендік құны айқындалады, шығарылған жылын, қозғалтқыштың көлемі мен түрін растайтын құжаттар назарға алынады.