Жарияланған күні: 04.07.2022 18:26
Өзгертілген күні: 04.07.2022 18:29

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, халыққа салық және кеден мәселелерін түсіндіру, хабардар болуын жақсарту және кері байланыс алу бойынша жедел көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен 1 наурыздан бастап «SalyqBot» сілтемесі бойынша (https://t.me/salyqbot тікелей сілтеме бойынша) Telegram-да Чат-ботты (бұдан әрі -«SalyqBot») іске қосылғанын хабарлайды.

«SalyqBot» - цифрлық салық консультанты байланыс орталықтарына келіп түсетін өтініштер негізінде әзірленген деректер базасына иелік етеді, бұл пайдаланушыға салық және кеден заңнамасы бойынша қойылған сұрақтарға жедел жауап алуға мүмкіндік береді, пайдалы функцияларымен қатар оператордың қатысуынсыз:
- пайдаланушыға салық берешегінің жоқтығы (бар) туралы ақпарат беру;
- салық төлеушілерге көлік құралдары салығы мен есептелетін өсімақыны өз бетінше есептеуге көмектеседі;
- қажетті анықтамалық ақпаратты білу, салық күнтізбесін пайдалануға мүмкіндік береді;
- жеке немесе заңды тұлғаның пайдаланушысының қызығушылық танытуына байланысты пайдалы жаңалықтар мен хабарламалар жібере алады;
- пайдаланушыларға МКК-не қатысты өзекті тақырыптар мен мәселелер туралы бейне сабақтар мен бейне нұсқаулықтар бойынша ақпарат береді;
- заңды тұлғалар үшін төленген сомалар туралы ақпаратты білуге мүмкіндік береді.