Жарияланған күні: 13.12.2022 23:36
Өзгертілген күні: 13.12.2022 23:37

 

     "Салықтарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды" мемлекеттік көрсетілетін қызметі, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады.

        Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің сомаларын есепке жатқызуды, қайтаруды жүргізу үшін салық төлеуші белгіленген нысан бойынша салық өтінішін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды ұсынады.

        Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 27.02.2018 ж. №306 бұйрығымен бекітілген Дербес шоттарды жүргізу қағидаларына сәйкес құжаттардың мынадай тізбесі көзделген:

1)"салық өтініштерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтық өтініш. Салықтық өтініш электрондық түрде "электрондық үкімет" порталы, "салық төлеуші Кабинеті", e-salyq azamat мобильдік қосымшасы арқылы, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясы арқылы қағаз нысанда ұсынылуы мүмкін;

2)салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын қайтару үшін айыппұлдың заңсыз салынуы салдарынан оның күшін жоюды немесе оның мөлшерін азайтуды көздейтін заңды күшіне енген сот актісі немесе жоғары тұрған уәкілетті органның (лауазымды адамның) шешімі оның күшін жою немесе мөлшерін азайту;

3) тиісті тіркеуші орган берген, көрсетілетін қызметті алушының тіркеу іс – әрекеттерін жасауға құжаттарды ұсынбағанын растайтын құжат-бюджетке төленген тіркеу алымдарының сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу үшін;

4) орман пайдаланғаны үшін төленген төлемақының сомасын қайтару немесе есепке жатқызу үшін – ағаш кесу билетін, орман пайдалануға арналған орман билетін пайдаланбағанын растайтын мемлекеттік орман иеленушілер берген құжат;

5) тиісті органның оны қайтару үшін негіз болып табылатын құжаты – бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын қайтару үшін;

6) соттың заңды күшіне енген шешімі – пайдасына іс бойынша тарап болып табылатын мемлекеттік мекемеден мемлекеттік бажды өтеу туралы сот шешімі өткен төлеушіге мемлекеттік баж сомасын қайтару үшін;

7) салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұл мен айыппұлдың сомасын төлеу туралы төлем құжаты және соттың заңды күшіне енген шешімі – соттың шешімі бойынша электрондық аукциондар қорытындыларының күшін жою нәтижесінде төленген салық сомасын, бюджетке төленетін төлемді, өсімпұл мен айыппұлды қайтару үшін.

        Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызуға Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Көрсетілетін қызметті алушы салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздар мен айыппұлдарды (бұдан әрі – салық өтініші) және құжаттарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге салықтық өтінішті ұсынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

        Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару көрсетілетін қызметті алушы салықтық өтінішті қате сомалар бойынша ұсынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

        Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару көрсетілетін қызметті алушы салықтық өтініш берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

        Салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы бойынша оның күшін жою немесе мөлшерін азайту салдарынан заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын, сондай-ақ артық төленген соманы қайтару көрсетілетін қызметті алушы салықтық өтініш берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

        Электрондық аукциондар қорытындыларының күшін жою нәтижесінде төленген салық, бюджетке төленетін төлем, өсімпұл және айыппұл сомасын қайтару сот шешімі бойынша қайтаруға өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

        Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтару қайтаруға салықтық өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

        Бұл мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.